- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық ұшу экипаждары Ресей және Беларусь ұшқыштарымен сайысуда (Фото)
Қазақстандық ұшу экипаждары Ресей және Беларусь ұшқыштарымен сайысуда (Фото)
Рязань қаласының маңындағы «Дягилево» әуеайлағында қазақстандық және ресейлік ӘӘК ұшу экипаждары Су-27, МиГ-29 жойғыштары мен Ми-8 тікұшақтарында сайысты. Содан кейін біздің Су-25 шабуылдаушылары Ресей және Беларусь ұшқыштарымен бәсекеге түсті.
«Осы уақытта қазақстандық ұшқыштар ұшу ауданын, полигон мен оның нысаналық жағдайын зерделеді. Экипаждармен ұшулар қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізілді. Бүгінгі жаттықтыру жарыстары ұшқыштарымызға қуат бітірді. Барлығында жауынгерлік талпыныс», - деді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері қауіпсіздік қызметінің бастығы полковник Қайрат Баймаханов. «Авиадартс-2015» сайысының басталуы аясында 2 тамызда «Авиамикс» жеке авиа-шоуы жоспарланған.
Бағдарламада «Ресей сұңқарлары», «Ресей батырлары» және «Сұр қарлығаш» жоғары пилотажды авиациялық топтардың өнері паш етіледі. Жоғары пилотаждан басқа ұшу аппараттарының жауынгерлік мүмкіндіктері де көрсетілетін болады. Аталған авиа-шоуға Су-25 шабуылдағыштарында қазақстандық ұшқыштарымыз да қатысады.
«Авиадартс-2015» халықаралық байқауы Халықаралық армия ойындары-2015 (ARMY-2015) шеңберінде бірінші рет өткізіліп отырғанын естеріңізге сала кетейік. Дода Сызрань және Липецк қалаларының әуеайлақтарында өткізіледі. Сайыс кестесі мазмұнды және екі апта уақытқа белгіленген. Тәуелсіз бақылаушылар ретінде байқау барысын Мысыр, Бахрейн, Венесуэла, Үндістан, Пәкістан, Мьянма және Словения өкілдері қадағалайтын болады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар