- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ-да Қазақстанда темір жол өнімдерін сынақтан өткізу базасын жасақтау талқылануда
ҚТЖ-да Қазақстанда темір жол өнімдерін сынақтан өткізу базасын жасақтау талқылануда
Бүгінгі таңда елімізде әлемге танымал шетелдік General Electric, Alstom, Knorr Bremse, Bombardier, Fraushe компанияларының қатысуымен жаңа үлгідегі темір жол көлігі машиналарын жасау белсенді түрде қолға алынған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры –бас инженері Серік Төлебаевтың айтуынша, инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізудің толық циклын жасамайынша, оның ішінде жобалаудан бастап жаңа жылжымалы құрамды пайдалануға бергенше, инфрақұрылымға қажетті техникалық құралды іске қосқанға дейінгі жұмыстарды толыққанды жасамайынша, онда ісіміздің түпкі нәтижесі ойдағыдай болмайды.
Темір жол өнімдерінің сапасын тұрақты түрде көтеріп отыру, оны сынақтан өткізу, қозғалыс қауіпсіздігінің жоғары деңгейде қамтамасыз етілуіне әкеледі. Осыған байланысты Қазақстанда темір жол өнімдері сынағын өткізетін база жасақтау аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Семинар кеңестің басты тақырыбына бағыттауыш бұрмаларды жасау, белгі беру және байланыс құралдары туралы мәселелер шығарылып, күн тәртібі бойынша екі дөңгелек үстел отырыстары өткізілді.
Семинарға қатысушылар «Электрововз құрастыру зауыты» ЖШС-інде болып, жылжымалы құрамды тартым құралдарын сертификаттау барысымен танысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар өндіріске жаңа технологияларды енгізу, жобалау, сынақтан өткізу, техникалық қызмет көрсету, темір жол техникаларын жөндеу жұмыстарын талқылады.
Оның сыртында ғылыми- зерттеу институттары мен өндіріс кәсіпорындары және тұтынушылар, сынақ орталықтары арасында темір жол көлігі өнімдерін сертификаттау жөнінде өзара тәжірибе алмасу керектігі айтылды. Олар Бурабай шипажайында орналасқан «Рауан-Бурабай» ЖШС өндірістік базасымен танысты. Аталмыш кәсіпорын өндірістік алаңдарымен, технологиялық құралдармен, жақын орналасқан темір жол кірме телімдерімен жабдықталған Яғни, темір жол көлігі құралдарын сынақ орталығы етуге қолайлы. Олар әрі қарай технологиялық жабдықтап, қаржы бөлінсе болғаны азғана күшпен отандық сынақ орталығын қалыптастыруға болатындығына семинарға қатысушылар көз жеткізді.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті