- Басты
- Жаңалықтар
- Ессентукидегі жалғыз қазақстандық санаторийге 4 жұлдыз берілді (Фото)
Ессентукидегі жалғыз қазақстандық санаторийге 4 жұлдыз берілді (Фото)
Осылайша, Кавказ минералды су аймағында орналасқан жалғыз қазақстандық санаторийдің сервистік қонақ үйлік қызмет көрсету деңгейі Ресей Федерациясында қабылданған Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру құралдарының жіктеу жүйесі бойынша 4 жұлдыз деңгейіне сәйкес келеді.
4 жұлдыз санатына сәйкес жоғары жайлылық аумақтың абаттандырылғанын, құрал-жабдықпен техникалық қамтамасыз етілгенін және нөмірлік қордың толық техникалық жабдықталғанын көздейді.
Қызметтер көрсетуге арналған қосымша үй-жайлардан мәдени және іскери іс-шараларды өткізу үшін зал, кинозал, кітапхана, бассейн, сауна, тренажер залы, солярий, сақтау камерасы, тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі және сауда дүңгіршектері бөлінді.
Қонақ үй кешенінің аумағында қонақтарға қызмет көрсету үшін мейрамхана, бар, СПА орталығы (бассейн, джакузи, орыс моншасы, фин саунасы, массаж кабинеттері және т.б.), балалар аймағы, сондай-ақ сувенирлер дүкені бар.
Жасалынған инфрақұрылым қонақ үй кешенінде қонақтардың жоғары деңгейде жайлы әрі оңтайлы жүріп тұруын қамтамасыз етеді.
Ғимарат интерьері бірыңғай дизайн-жобаға сәйкес орындалған. Құрылым материалдары, жиһаз және қоғамдық үй-жайлар мен нөмірлердің жабдықтары қымбат материалдан жасалынған, қолдануға қолайлы және техникалық жай-күйі жақсы.
Персоналдың біліктілігі өз міндеттерін сапалы орындаудың және демалушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі.
Санат беру шешімін қабылдаған бағалау комиссиясы атап өткендей санаторийдің қонақ үйі 4 жұлдыз санатына қойылған барлық талаптарға сәйкес келеді.
«Біздің комиссия жасалынған барлық жағдайларды және «Қазақстан» санаторийі ұсынатын қызметтерді қарап, барлық талаптар орындалады деген пікірге келді. Сондай-ақ бұдан кейін жетілдіру және санатын жоғарлату үшін де еңбектенуге ынта бар», - деп қонақ үйлердің жіктеу жүйесі комиссиясының мүшесі М. Сокова қазылар алқасының қорытындысын түйіндеді.
«Қазақстан» - көп бағдарлы санаторий екенін атап өткен жөн. Бұл жерде асқазан-ішек жолдары, зат алмасу, тірек-қимыл жүйесі, перифериялық нерв жүйесінің ауруларын, созылмалы шаршағандық синдромын, ЛОР-мүшелерінің, урологиялық, гинекологиялық дерттерін және бір қатар ілеспелі паталогияларды емдейді.
Санаторийге ең жаңа медициналық технологиялар және соңғы ғылыми жетістіктер мен табиғи факторларды тиімді қолдану тәсілдері негізінде әзірленген бағдарламалар енгізілген.
Сонымен қатар, емдеу мекемесі жыл бойы жұмыс істейді және жылдың кез келген мезгілінде емдеу, сауықтыру және ойын-сауық қызметтерін ұсынады.
Осылайша, заманауи жоғары тиімді курорттық кешен – «Қазақстан» санаторийі азаматтардың оңалту мен сауықтыру бағдарламаларына деген сұранысын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді