- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» халықаралық фестивалі өтті
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» халықаралық фестивалі өтті
Мемлекет-жеке меншік серіктестігі негізінде ұйымдастырылған шара біртекті мәдени кеңістікті ұлғайту мен нығайту, ұлттық мәдени дәстүрлерді, рухани құндылықтарды дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу, сонымен қатар ұлттық ат спорты ойындарын дамытуға бағытталды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фестиваль бағдарламасында қолөнер бұйымдарының көрмесі, халық музыкасынан концерт, сонымен қатар тілек білдіргендер терімен, былғарымен, күміспен, топырақпен, әркім қалаған материалымен жұмыс істеп көруге мүмкіндік алған түрлі шеберлік сағаттары өткізілді.
Сондай-ақ шара шеңберінде Қазақстан, Қырғыз, Түркия, Монғолия, Корея, Түркіменстан, Болгария және Венгрия елдері өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі садақ атудан II Халықаралық фестиваль, «Турул» аңшылық құстары фестивалі және ат спорты ойындары өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль аясында жасалған этноауыл түрлі шаралардың басын біріктіріп, қазақ халқының түрлі тұрмыстық және мәдени дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі