• Басты
  • Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңда байқаулар мен аукциондарды өткізу бойынша процедураларды жеңілдетуді ұсынылған
28 Шілде, 2015 16:54

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңда байқаулар мен аукциондарды өткізу бойынша процедураларды жеңілдетуді ұсынылған

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының жаңа редакциясында байқаулар мен аукциондарды өткізу бойынша процедураларды жеңілдетуді ұсынылып отыр, деп мәлімдеді ҚР қаржы министрінің орынбасары Руслан Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңда  байқаулар мен аукциондарды өткізу бойынша процедураларды жеңілдетуді ұсынылған

 «Біз кәсіпорындардың байқаудан байқауға бір құжаттарды ұсынып отырғанын байқаймыз. Оның үстіне бізде мемлекеттікң жауапты және беделді серіктесі ретінде өздерін дәлелдеп қойған кәсіпорындардың тізімі бар. Бірінші кезекте білікті жеткізушілердің тізімі жасақталады, олар тұрақты тұрде құжат тапсыруға міндетті болмацды. Екінші кезеңде реестрге енгізілген әлеуетті жеткізушілер арасында байқау өткізіледі»,  деді Р. Бекетаев.

Бұдан басқа, оның айтуынша байқау мен аукцион өткізу процедурасын жеңілдету ұсынылып отыр.

«Мысалы, байқауға өтініш пен баға бойынша ұсыным бірге беріледі. Бұл байқау өткізу кезеңдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Байқау өткізу кезең 3 кезеңнен екі кезеңге дейін қысқарады. Біріншісі аукционға жолдама, екіншісі аукционның өзі. Бұдан басқа мемлекеттік сатып алуды өткізу ұзақтығын ескере отырып біз бір жылдың мемлекеттік сатып алу жоспарын түзу механизмін қарастырып жатырмыз»,   деп толықтырды  Р. Бекетаев.

Сонымен қатар, инвестиция мен жоғары технологиялы өндіріске қолдау көрсету мақсатында ұзақ мерзімді  3 жылдан астам уақытқа келісімшартқа отыру қарастырылуда.

Ботагөз Айтжанова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды