- Басты
- Жаңалықтар
- Р.Бекетаев: Мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасы сатып алу үдерісін толықтай автоматты етеді
Р.Бекетаев: Мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасы сатып алу үдерісін толықтай автоматты етеді
«Сонымен қатар, электронды есеп-фактураларды, тауарға берілетін электронды растау қағаздарын беру, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің атқарылғаны туралы электронды актілерді міндетті енгізу шарасы қарастырылған. Аталған шаралар келісімде көрсетілген талаптарды онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, жоспарлау мен аяқтауға дейінгі үдерістер толықтай электронды түрде атқарылатын болады»,-деді вице-министр.
Оның сөзінше, мемлекеттік сатып алулармен байланысты үдерістерді автоматтандыру бізге камералды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Камералды бақылау деген тиісті нысанмен, мысалы мемлекеттік мекемеге қатынаспастан бақылау жүргізу дегенді білдіреді. Бұл бақылау түрі қашықтықтан жүргізіледі, онда мемлекетте бар ақпараттық мәліметтер базасы талданып, олар өзге мәліметтермен салыстырылап, тиісті байлам жасалып, ол бойынша тиісті шара да қолданылады. Бұл өте маңызды мәселе, өйткені қаржылық бақылау органдары әдетте, заң бұзу әрекеттерін сатып алу жұмыстары өткізіліп кеткеннен кейін анықтап жатады, ол кезде бәрі кеш болады»,-деді министрдің орынбасары.
Оның сөзінше, күнделікті жүзеге асырылып отыратын камералды бақылаудың аталған тетігі сатып алулар кезінде орын алуы ықтимал заң бұзу әрекеттеріне уақытында назар аударуға мүмкіндік береді.
Ботагөз Айтжанова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері