- Басты
- Жаңалықтар
- ТМД мемлекеттерінің арасында өткен жарыстың алғашқы күнінде жауынгер-споршылар 26 медальды жеңіп алды (ФОТО)
ТМД мемлекеттерінің арасында өткен жарыстың алғашқы күнінде жауынгер-споршылар 26 медальды жеңіп алды (ФОТО)
Қазақстан құрамасынан бірінші болып мінберге көтерілген спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жүзгіш, кіші сержант Александр Тарабрин болды. Ол 50-100 метр қашықтыққа жүзуден алдына жан салмады. Осы спорт түрінен Михаил Никульшин, Георгий Парашютов, Евгений Азарьев пен Андрей Зубаков 5 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Әлемнің 11 дүркін чемпионы, кіші сержант Виталий Диденко кір тасын көтеруден 95 салмақ дәрежесінде үздік шығып «алтынды» олжалады. Командаға тағы бір алтында дзюдо күресінің шебері Гусман Қырғызбаев алып берді. Осы спорт түрінен Мейіржан Қалтаев, Талғат Әміренов, Әшімхан Қажы, Қамымұқан Өтеулиев пен Асан Мәмбетқұлов екі күміс, үш қола медальды жеңіп алды. Осылайша, бүгінгі таңда біздің команда көш бастаушылардың қатарында.
Естеріңізге сала кетейік, ТМД-ның достастық әскерлерінің Бірінші әскери-спорттық ойындарында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь және Армения мемлекеттерінің жауынгер-спортшылары қатысуда. Барлығы 300-ден астам спортшы. Біздің еліміздің намысын аталмыш бәсекеде ҚР Қорғаныс министрлігінң Орталық спорт клубының танымал спортшылары қорғайды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады