- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық армияда классикалық парашюттік спорттың чемпиондарын марапатталды (Фото)
Қазақстандық армияда классикалық парашюттік спорттың чемпиондарын марапатталды (Фото)
15 ер және 5 әйел командасы, 53975 ә/б іздеу-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің 60-тан астам армиялық спортшылары, Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері, парашюттік спорт клубтары мен федерацияларының өкілдері парашюттік спорттың чемпиондары болуға бақ сынады.
Қатысушылар қону дәлдігіне парашюттен 602 жеке секіру және акробаттық фигуралар кешенін орындады. Нәтижесінде Қазақстан Қарулы Күштерінің абсолюттік чемпиондары атағын ҚР ҚК Парашюттік даярлық орталығының спортшылары аға прапорщик Инна Анцупова мен ҚР ҚК қызметкері Вячеслав Ли иеленді.
Топтық секірулерде жерге қону дәлдігі жаттығуларында жинаған ұпай қосындысы бойынша бірінші орынды ҚР ҚК Парашюттік даярлық орталығының ерлер және әйелдер командасы қанжығаларына байлады.
«Төрелік ету жерге қону дәлдігіне секірулер нәтижелерін электрондық тіркеу жүйесінің көмегімен өткізілді. Барлық спортшылар лайықты өнер көрсетті. Жарыс жақсы деңгейде өтті» - деді ҚР ҚК ӘҚК Парашюттік даярлық орталығының бастығы майор Леонид Дудкин. Чемпионатқа қатысушылар қатарында халықыралық дәрежедегі 13 спорт шебері, екі спорт шебері, бірінші және екінші разрядтағы 23 спортшы екенін атап өткен жөн. Тәжірибелі дәрежелі армия спортшыларымен бірге сайысқа жас парашютистер қатысты. Юниорлық сынақта секіруді сегіз спортшы бозбала мен қыздар орындады.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды