- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда тұрғындарын ауыз сумен толық қамту үшін 57 су ұңғымасы салынады
Қызылорда тұрғындарын ауыз сумен толық қамту үшін 57 су ұңғымасы салынады
Аймақ басшысы алдымен 2,5 шақырымға созылған Қорқыт ата көшесіндегі қайта жаңғыртудан өтіп жатқан жылу құбырының жұмысымен таныс болды. Жалпы құны 382 млн теңгені құрайтын жұмысты «Механизатор» ЖШС атқаруда. Жаңғырту жұмысы осыдан он жыл бұрын жүргізілген.
Мердігер мекеме аталған жұмыстың сапалы атқарылып жатқандығын алға тарта отырып, жиырма жылға кепілдік беруде. Жұмыс жылу маусымына дейін толық аяқталады деп күтілуде.
Жалпы аталған бағдарлама бойынша жылу құбырларын жаңғыртуға 3 млрд 32 млн теңге қаралса, ауызсу жүйесін жаңғырту бойынша 3,617 млн теңге бөлінген. Ауызсуға бөлінген қаржыға жыл көлемінде 22 шақырым жаңадан су жүйесін тарту көзделсе, 22 жаңа скважина орнату жоспарлануда және бес су тоғанын салу белгіленген. Осы жұмыстар атқарылса, мамандар қаланы жүз пайызға таза ауыз сумен қамтамасыз етуге болатындығын айтады. Айта кетейік, бұл жұмыстардың барлығы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылып жатыр.
«Жыл аяғына дейін 57 су ұңғымасы іске қосылады деп күтілуде. «Мелиоратор» компаниясы біздің тапсырмамызбен осы жұмысты орындауда. Қызылжарма жерасты су қоймасы сапалы, таза су. Қызылорда қаласы суды осы Қызылжармадан алатын болады. Солтүстік аудандар да, сондай-ақ Жаңақорған, Қармақшы аудандары да жерасты суын пайдаланады. Сонда біздің облыс түгелдей жерасты суын қолдануға көшеді деген сөз. Сондықтан үлкен әлеуметтік мәселе өз шешімін тапқалы тұр деп айта аламыз»,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Сонымен бірге облыс әкімі №187 орта мектепте болып, білім ордасының алдына Мұстафа Шоқай ескерткішін орнату жобасымен танысты.
Мұнан соң қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан С.Торайғыров көшесінің жағдайымен таныс болды. Жалпы құны 1,142 млн теңгені құрайтын жұмысты «УАД» ЖШС атқаруда. Бүгінде жұмыстың 70 пайызы орындалған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады