• Басты
  • Астанада Талдықорған қаласының жаңа жоспары таныстырылды (Фото)
28 Шілде, 2015 20:06

Астанада Талдықорған қаласының жаңа жоспары таныстырылды (Фото)

Жуырда Талдықорған қаласының бас жоспарының таныстырылымы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Астанада Талдықорған қаласының жаңа жоспары таныстырылды (Фото)

 Заманауи даму ағысын ескере отырып қаланың  жасыл желегі пен сәулеттік бірегейлігін сақтауы бас жоспардың ерекшелігі болып отыр. Бас жоспарда жаңа мәдени нысандар, атап айтқанда театрлар, цирк, зообақ салу жоспарланған.

2035 жылға дейін қамтылған жаңа бас жоспардың презентациясы Астана қаласында өтті. Таныстырылым барысында алғашқы сөзді Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғ. Әбдірайымов алып, облыс орталығындағы халық санының белсенді өсуі мен экономикалық саланың тұрақты ілгерілуі туралы атап өтті.

Жаңа бас жоспардың жобасын Талдықорған қаласы әкімінің тапсырысы бойынша «Урбостиль» ЖШС дайындады. Аталмыш ұйымның директоры Любовь Нысанбаеваның айтуынша, жоспарда тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән берілген. Қаланың әрбір ауданына жүзу бассейні, спорт кешені, ролик тебуге арналған скверлер, «стрит воркутқа» арналған  турникеттер салу жоспарланған. Сол сияқты велотрек құрылысын жүргізу межеленіп отыр.  Базар мәселесі бірыңғай заманауи сауда кешенін құру арқылы шешімін табатын болады. Сөйтіп, қаланың жаңа келбетін қалыптастыруда халық санының өсімі, экономиканың дамуы, жаңа өндіріс орындарының пайда болуы ескеріле отырып, экология, қала көшелері мен жолдарын дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген.

Жалпы облыс орталығының Астана қаласында таныстырылған бас жоспары министрліктер мен ведомстволар  өкілдері тарапынан оң бағасын алды. Енді қаланың бас қалақұрылыстық құжаты ел Үкіметінің алдында министрліктердің келісімін алуы тиіс.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды