• Басты
  • Қазақстан әлемнің жалпы экспорт сомасы 78 млрд долларды құраған 50 мемлекеттің қатарына енді
28 Шілде, 2015 12:54

Қазақстан әлемнің жалпы экспорт сомасы 78 млрд долларды құраған 50 мемлекеттің қатарына енді

Қазақстан әлемнің 230 мемлекетінің ішінен жалпы экспорт сомасы 78 млрд долл құраған 50 мемлекеттің қатарына кірді, деп хабарлады «KAZNEX INVEST»АҚ баспасөз қызметі.
Қазақстан әлемнің жалпы экспорт сомасы 78 млрд долларды  құраған 50 мемлекеттің қатарына енді

Аталып өткендей, есепті кезеңде импорт сомасы 41 млрд долларды құрады. Қазақстан 850-ден астам тауар түрлерін экспорттайды, оның негізгі бөлігі Ресей, Орталық Азия, Иран мен Қытай мемлекеттеріне жөнелтіледі.

Қазақстан әлемдік нарыққа сары фосфордың 40%-ға дейін, уранның 46%-ға дейін үлесін экспорттайды. Сонымен қатар Қазақстан титанды экспорттайтың әлемнің үш көшбасшысының қатарына кіреді, оның үлесі жалпы экспорттың 9% құрап отыр, бұдан басқа ол ұн экспорты бойынша 2 орында тұр.

«Біз бес жылда 48 орынға дейін көтерілдік, яғни 5 сатыға жоғарыладық. Сонымен қатар, Қазақстан нетто-экспортаушы болып табылады, демек біз импорттағаннан гөрі эскпорттаймыз. Біздің аймақта мұндай мемлекеттер санаулы, мысалы, Қытай, Ресей, Иран мен Әзірбайжан. Ал, қалғандары болса экспорттағаннан гөрі импорттайды, яғни нетто-импорттаушылар болып табылады», - деп түсіндірді «KAZNEX INVEST» АҚ сарапшысы Наркес Алпысбаева.

Макроаймақтағы мемлекеттердің экспорт құрылымындағы шикізат пен дайын тауар экспортының үлесі мынадай, өнделген тауарларды экспорттау бойынша Қытай (99%) мен Беларусияның (93 %) үлесі басым. Ал, Қазақстанда экспорт құрылымының тек  22% дайын тауар экспорты құрап отыр.  Осы ретте жалпы Қазақстанның көрсеткіштерін макроаймақтағы  экспорт бойынша салыстыратын болсақ оның өзге елдермен салыстырғанда үлесі басым.

«Қазақстан ОА елдерінен 1,3 есе көп дайын тауарды экспорттайды, осы ретте ОА елдерінің халық саны 3 көп. Қазақстан Өзбекстанмен салыстырғанда 2 есе көп, Грузиядан 3 есе көп, Әзірбайжан мен Армениядан 4 есе көп, Түркіменстаннан 7 есе көп, Тәжікстаннан 44 есе көп дайын тауарды экспорттайды», -деп түйіндеді Н. Алпысбаева.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды