- Басты
- А.Мамин: ҚТЖ алдында ҚР-ны халықаралық көліктік-коммуникациялық өріске ықпалдастыру міндеті тұр
А.Мамин: ҚТЖ алдында ҚР-ны халықаралық көліктік-коммуникациялық өріске ықпалдастыру міндеті тұр

Отырыс барысында ҚТЖ президенті Асқар Мамин компания жұмысына ғаламдық экономикалық және геосаясаттағы өзгерістердің де ықпал етіп отырғандығын атап өтті. Қазақстанның экспорттық тауарларына әлемдік бағаның түсіп кетуі, халықаралық нарықтағы сұраныстың төмендеуі мен санциялық саясаттар Қазақстанның тауар айналымы мен темір жол көлігіндегі тасымалдау көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырғандығын жасырмады.
«Нұрлы жол- Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты көліктік-логистикалық саланы дамытуға басымдық береді. Сондықтан да «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ына инфрақұрылымдық жоспарларды дамытуға елдің экономикалық даму деңгейін сақтап тұру жолында үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Бірінші жарты жыл қорытындысына қарағанда, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда республикаішілік тасымалдау көлемі үш пайызға артып, 1718 мың тоннаны құраған. Экспорттық тасымал көлемі 36,2 миллион тоннаны құрады. Импорттық тасымал көлемі Ресейден цемент, құрылыс материалдары мен кокс жеткізілуінің көбеюіне байланысты артты. Жолаушылар айналымы транзитік тасымалдарды қоса есептегенде 7,3 млрд. жолаушы –шақырымды құрады.
Алты айда контейнерлік тасымал көлемі өсті. Өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда, контейнерлік пойыздар (59-дан 177-ге) үш есеге көтерілді. Олар Қазақстан арқылы Қытай мен Еуропаға бағытталды.
«Нұрлы жол- Болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында өте ауқымды құрылыс монтаж жұмыстары жалғасуда. Астанада жаңа темір жол вокзалы, Құрық портында паром кешені, Боржақты-Ерсай жаңа желісі, Алматы- Шу екінші жолы, «Қорғас-Шығыс қапасы» АЭА нысандарының құрылысы салынуда.
«Қазақстан темір жолы» тобына кіретін компаниялар корпоративтік әлеуметтік міндеттерін де орындауда. Алғашқы жарты жылдықта «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем», «Денсаулық» пойыздарындағы білікті дәрігерлерге 97 шағын станциялардың 34 мың тұрғыны денсаулықтарын қаратты.
Сыртқы факторлардың ықпалын төмендету мақсатында компанияда Дағдарысқа қарсы арнайы бағдарлама жасалып, пайдалану жұмысындағы тиімділікті көтеру жұмыстары жасалуда.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ өзіне тапсырылған міндеттерді жаспарлы түрде орындау мақсатында ел экономикасы мен тұрғындардың сұранысын сапалы қамтамасыз етіп, ұжым алдындағы өзекті мәселелерді корпоративтік және мемлекеттік тұрғыда шешуге күш салады.
«Біздің компания қазіргі кезде дамудың жаңа сапалық сатысына көтерілді. Бизнесті жүргізудің философиясы мен идеологиясы түбегейлі өзгерстерге ұшырады,-деп атап өтті А. Мамин.- Біз бизнестің жаңа сегментін дамытып, қызмет көрсетудің географиялық ауқымы аясын кеңейтіп, сұраныс иелерінің көліктік-логистикалық интермодальдық қызмет түрлерін жасақтап, барлық көлік түрлерінің ықпалдасуына басымдық беріп отырмыз.
Өткен жыл соңында Мемлекет басшысы «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясатын жариялады. Оның сыртында 100 қадамды нақтыладық. Осы негізде Қазақстанды халықаралық көліктік коммуникациялық ағындарға ықпалдастыруда аса ауқымды тапсырмалар алдымызда тұр. Біз компанияның барлық стратегиялық бағыттарын дамытып, жұмыстарын жетілдіруіміз керек.
Сонымен қатар жүйелі түрде қалмай келе жатқан кемшіліктерді жоспарлы түрде жойып, жоспарлы тасымалдау көлемін орындау мен сапалық көрсеткіштерді көтеруіміз керек. Ол үшін технологиялық тәртіпті нығайтып, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын күшейтуіміз керек»,-деп атап өтті А. Мамин
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Сайлау науқаны алдындағы шаралар қорытындыланды
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Covid-19: эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті
-
Елорданы дамыту: Тұрғын үй құрылысы, үш ауысымды мектеп және әлеуметтік мәселелер
-
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
-
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты
-
Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері
-
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері
-
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” жастар жобасы халықаралық деңгейде өтті
-
БҚО-ның дамуы: Инвестиция, тұрғын үй, жаңа жұмыс орындары және білім саласындағы мәселелер
-
Психолог: Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себебі пандемия емес

