- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Информатикадан 27-ші халықаралық олимпиада басталды
Алматыда Информатикадан 27-ші халықаралық олимпиада басталды
Айта кетерлік жайт, «ІОІ-2015 International olympiad in informatics» олимпиадасы Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл әлемдік деңгейдегі үздік зияткерлік атағына күш сынасатын әлемнің ең мықты жас программистерін жинайтын сайыс.
Қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменінің директоры Жаңыл Жөнтаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың хатын оқып берді.
«Қазақстанда Елбасының қолдауымен алғаш рет олимпиада өтіп отыр, оған 80-нен астам елден келген делегаттар қатысуда. Бүгінде информатикаға үлкен көңіл бөлініп отыр. Сонымен, мұндай жарыстарды өткізу жастарға алға ұмтылуға серпіліс береді», деді Ж. Жөнтаева.
Екі күнге созылатын дүбірлі додада Қазақстан намысын информатика пәнінен Еуразиялық олимпиаданың күміс медаль, Халықаралық олимпиаданың қола медаль, математика, физика, информатика пәндері бойынша Жәутіков олимпиадасының күміс медаль иегері Данияр Маминов; информатика пәнінен Еуразиялық олимпиаданың күміс медаль, математика, физика, информатика пәндері бойынша Жәутіков олимпиадасының күміс медаль иегері Мейрамбек Өмірзақ; информатика пәнінен Еуразиялық олимпиаданың күміс медаль иегері Бекжан Бекболатұлы; информатика пәнінен Еуразиялық олимпиаданың күміс медаль иегері Алтыбай Назарбек қорғайтын болады.
Ал, жүзден жүйріктің есімі мен олимпиада нәтижесі 1 тамызда жарияланатын болады.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды