- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да үш сатылы сот жүйесіне көшу мәселесі талқыланды
ШҚО-да үш сатылы сот жүйесіне көшу мәселесі талқыланды
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Р.Мамырбаев, Шығыс Қазақстан облысы соттарының төрағалары мен судьялары қатысты.
Жиынды ашқан ШҚО сотының төрағасы Д.Әміров өз сөзінде: «Ұлт Жоспарының 16-шы қадамы бойынша азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі сатыларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу қарастырылған. Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мәселесі Елбасы назарынан қашанда тыс қалған емес. Осыған байланысты кассациялық саты облыстан ҚР Жоғарғы Сотының құзырына ауысқалы отыр. Нәтижесінде сот сатылары оңтайланып, сот төрелігінің сапасы артады деген сенімдемін» -деді.
Ал ҚР Жоғарғы сотының судьясы Р.Мамырбаев облыс соттары судьялары қатарынан Жоғарғы Сот судьясы лауазымына іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ол ҚР Жоғарғы сотына судьялыққа үміткерлерге арналған негізгі талаптарымен таныстырып өтті. Негізгі талаптардың бірі – ҚР Жоғары сотына судьялық лауазымға үміткерлердің 5 жыл облыстық сотта, жалпы 10 жылдық судья қызметіндегі жұмыс өтілі және кәсіби қабілеті жоғары болуы міндетті.
Кеңес соңыңда демократиялық принципке сәйкес ҚР Жоғары сотының судьясы лауазымына үміткерлерге жасырын сауалнама жүргізілді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі