- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында қауіпсіз жол қозғалысы жөніндегі акция басталды
Жамбыл облысында қауіпсіз жол қозғалысы жөніндегі акция басталды
Іс-шара «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Халықаралық көлік дәлізінің Алматы-Ташкент-Термез бөлігінде өтті. Акция барысында, қозғалысы ең көп жол бөлігінде жол полиция қызметкерлері автомобильдерді тоқтатты.
« Ұйымдастырушылар көлік құралдарының жүргізушілерін шаршаңқы күйде көлікке отырмауға шақырып, ұйқышылдық маңызды әлеуметтік ұғымға ие екендігін айтып түсіндірді. Ұйықтап қалу күніне бірнеше рет, бірнеше секундтардан бастап бірнеше минуттарға дейін созылады. Рульді басқарып отырып ұйықтап қалу кезінде біріншіден сөз сөйлеуі бәсеңдеп, кейін басы төмен түсіп, сосын санасы толығымен ұйқыға кетеді», - делінген хабарламада.
Дүниежүзілік ақпарттарға сәйкес, жол-көлік оқиғасының 20% рульді басқарып отырып, ұйықтап қалу салдарынан болады екен. Бейнетаспалардың көмегімен алынған көптеген жазбаларға сүйенсек, ұйқылы жүргізушілер шынымен де көлікті басқару кезінде үнемі көздерін жұмады. Тәртіпке сәйкес, әр үшінші жағдай, жол-көлік оқиғасының орын алуына әкеп соғады. Сол себепті де Жамбыл облысының жол қызметкерлері осы мәселеге жүргізушілердің назарын аударған дұрыс деп шешті.
Түсіндіру жұмыстарынан кейін, жолшылар жүргізушілерге шаршаңқы немесе мас күйінде көлік айдамауға шақыратын буклеттер мен ескертпелер таратты. Сондай-ақ, олар жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау қажеттігін, өздерінің автомобильдерінің техникалық жағдайын бақылауды, автокөлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефонды қолданбауды және әрдайым қауіпсіздік белдігін тағып жүруді ескертті.
Ұйымдастырушылар күн сайын автокөліктердің санымен қоса, автожүргізушілердің де саны өсіп келе жатқанын атап өтті. Сондықтан жол қозғалысының барлық қатысушылары көлік басқару кезінде абай, әрі қырағы болулары қажет.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары