- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да «Сені үйде күтіп отыр» атты сауықтыру акциясы өтті (ФОТО)
ШҚО-да «Сені үйде күтіп отыр» атты сауықтыру акциясы өтті (ФОТО)
Айта кетейік, шараның басты мақсаты – жол-көлік жарақаттары бойынша жағдайды сауықтыру мен жолдағы апатты жағдайлардың санын кеміту. Акцияға қатысушылар жүргізушілерге жылдамдықты арттырудың тек олардың өздерінің өмірлері үшін ғана емес, өзгелер үшін де аса қауіпті екендігін естеріне салу. Бұл сондай-ақ өзге жол жүргіншілері үшін де есте ұстауды қажет ететін талаптардың бірі.
«Акцияны «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері ұйымдастырды. Акция барысында Алматы-Өскемен трассасының бойындағы жол шолғыншылары бекетінің стационарлық тірегінде, Ұлан ауданынан Қасым Қайсенов ауылына шығарар жол бойында «Жас Отан» ұйымының өкілдері жол-көлік полициясының қызметкерлерімен бірге жылдамдықты сағатына 40, ,70, 90, 100 км-нен азайту туралы белгілерді ұстап қатарынан тізіліп тұрды. Одан әрі жүргізушілерді қара түсті киім киген, түсі суық адам «150. Мен сені күтіп тұрмын» деген белгіні ұстаған адам күтіп тұрды.
Акция барысында ара-тұра жол полициясының қызметкерлері көліктерді тоқтатып, акцияға қатысушылар жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, жол көлік ережелерін қатау сақтауға шақырды. Сонымен қатар, аталмыш акцияның қатысушылары жүргізушілерге түсіндіру буклеттерін таратты.
Жүргізушілердің бірі Серік Камиев әрбір жүргізушінің жолда жүру ережелерін сақтау қажеттігін айтып: «Біз үлкен жылдамдықпен кетіп бара жатқанда, өзіміздің және өзгелердің өмірін қауіп-қатерге тігіп отырғанымызды есте ұстауымыз қажет»,-деді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды