- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық танкішілер «Танк биатлоны-2015» жарысында төртінші болып өнер көрсетеді (Фото)
Қазақстандық танкішілер «Танк биатлоны-2015» жарысында төртінші болып өнер көрсетеді (Фото)
«Дәстүр бойынша экипаждар әртүрлі түстегі танктерде өнер көрсетеді. Командамыз осы жылы жасыл танктерде төртінші болып шығады. Біз өнерімізді паш ететін техниканы қабылдап алдық, танктерді шолып өттік, бағдарды зерделедік.
Жарыста әртүрлі кедергілерді еңсере отырып және жауынгерлік оқ атулары бар төрт негізгі қашықтық көзделген» - деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Әмір Халиков. Барлық қатысушылар лайықты, қазақстандық құраманың ең мықты қарсыластары Ресей мен Қытайдың танкті экипаждары болып табылады.
Алайда, танкішілеріміз өздерінің дайындықтарына нық сенімді және олармен бірінші орынға күресуге әзір. «Танк биатлоны-2015» тамыздың 1-і мен 15-і аралығында Мәскеу облысының «Алабино» оқу-жаттығу орталығында өтетінін айта кетейік.
Оған 13 мемлекеттің Қарулы Күштерінің танкті экипаждары қатысады, оның ішінде Тәжікстан мен Никарагуаның әскери қызметшілері сайысқа алғаш рет қатыспақ. Біздің танкті экипаждарымыздың биатлонға қатысуда үлкен тәжірибесі бар. Өткен жылы жалпыкомандалық сынақта олар Қытайдан келген танкішілерді шаң қақтырып екінші орынды иеленген болатын.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды