• Басты
  • Қостанайда Hyundai маркасының жаңа үлгілері шығарылады
27 Шілде, 2015 20:38

Қостанайда Hyundai маркасының жаңа үлгілері шығарылады

Қостанайлық «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Hyundai маркісінің 4 жаңа, ілкі партияларының үлгілерін жинауға кірісті. Сериялы өндіріс биылғы жылдың тамыз айында іске қосылады, деп хабарлайды ҚР «Атамекен» ҰКП-ның баспасөз қызметі.
Қостанайда Hyundai маркасының жаңа үлгілері шығарылады

Аталмыш өндіріс іске қосылса, премиум кластағы үлгілерді Genesis седандары, Grandeur бизнес-класын седандар, Santa Fe кроссоверлері, алдыңғы қозғалысты Sonatа толықтыратын болады. Жаңа желіні іске қосу жұмыстары дайын, Hyundai маркасінің жаңа үлгілері  Peugeot, SsangYong маркілі көліктермен бір цехта жиналатын болады.    

Инвестициялар және даму министрі Альберт Раудың айтуынша, мемлекет бүгінде отандық автомобиль өнеркәсібін қолдауға үлкен көңіл бөліп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Қазақстандық тауарды сатып ал» акциялары жақсы нәтиже берді, Президент бірінші рет автонесиелеуге қаржы бөлді. Біз автоөнеркәсіпке үміт артып отырмыз, сіз Toyota сатып алдыңыз, қазір жаңа жаһандық ойыншылар келіп жатыр, жаңа әлемдік брендтер, жаңа технологиялар. Алдыда үлкен міндеттер тұр және біз барлығымыз осы міндеттер жолында жұдырықтай болып қызмет етуіміз керек. Біз өнеркәсіп өнімінің көлемі мен жұмыс орындарын сақтап қаламыз»,-деді А.Рау. 

2015 жылы «СарыарқаАвтоПром» 3,5 мыңнан астам көлік шығаруды жоспарлап отыр. 2017 жылдан бастап бұл жерден сырлау мен жону қызметтерін қоса алғанда толыққанды көлік шығару жоспарлануда. Peugeot және қытайлық JAC шығару жоспарланула.      

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды