• Басты
  • Жыл басынан бері Астананың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 99,4 млрд теңгегенің өнімі өндірілді
27 Шілде, 2015 19:34

Жыл басынан бері Астананың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 99,4 млрд теңгегенің өнімі өндірілді

2015 жылғы 1 жартыжылдықта қаланың орта және ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен 99,4 млрд. теңгеге өнімдер (тауарлар, қызметтер) өндірілді, бұл өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 81,2%-ын құрайды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері Астананың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 99,4 млрд теңгегенің  өнімі өндірілді

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі өткен жылғы қаңтар–маусымға қарағанда 119,3%-ды құрады.

Орта және ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 78,2% немесе 70,8 млрд. теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда тиісінше 89,6% және 25,0 млрд. теңге, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 91,2% және 3,6 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлем индексі ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 2014 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 127,5%-ды құрады. Нақты көлем индексінің өсіміне негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру (2014 жылғы қаңтар-маусымға қатысты - 302,8%) елеулі әсер етті. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі өндірістері ішінде өнімнің нақты көлемінің төмендеуі жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіруде (40,6%), машина жасаудағы тауарлар және қызмет көрсету өндірісінде (67,5%), тамақ өнімдерін өндіруінде (92,2%) байқалады.

 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда тазартылған алтын - 3 есе, пластмасса есіктер, терезелер, есік пен терезе қораптары, есік босағалары - 2,3 есе, металл есіктер мен есік босағалары, терезелер мен олардың жақтаулары - 1,9 есеге, пластмасса құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангіле 28%-ға, бетоннан, ғаныш пен цементтен жасалған бұйымдар - 16,6%-ға, бекітпе бұйымдарды, кесілген бұрандасы бар бұйымдар - 17,3%-ға, преформалар өндірісі 9,6%-ға өсті. 

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда ағымдағы жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-маусымға қатысты 99,7%-ды құрады. Өткен жылғы қаңтар-маусымдағы деңгеймен салыстырғанда  бу мен ыстық су (жылу энергиясы) өндіру 4,5%-ға төмендеді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда ағымдағы жылғы қаңтар–маусымдағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 93,4%-ды құрады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды