- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ: «Мектепке жол» акциясы аясында оқумен қамтылмаған балалар басты назарды болады
ҚР БҒМ: «Мектепке жол» акциясы аясында оқумен қамтылмаған балалар басты назарды болады
«Жаңа оқу жылының қарсаңында аталмыш акцияны ұйымдастыру аясында біз мектептері жоқ ауылдардағы балалардың білім алуға деген қолжетімділігі мәселесін шешу мақсатында, оқушыларды қауіпсіз әрі ыңғайлы тасымалдау шараларын ұйымдастыру ісіне назар аударғанды жөн көріп отырмыз. Білім беру органы өкілдерінің мәліметтерінше, республикада мектептері жоқ 30 мың мектеп жасындағы оқушылары бар 1 мың 626 елді мекен бар. 1–маусымда 27 мың 590 оқушының тасымалы ұйымдастырылды, олардың 24 мыңы күнделікті тасымалдаумен қамтамасыз етіліп, 3 мыңнан астам бала мектеп жанындағы лагерьлерде тұрып келді. Қалған балалар мектепке өздері келіп жүрді»,-деді М.Әбдікәрім.
Оның сөзінше, «Мектепке жол» акциясы аясында оқумен қамтылмаған балалар мен оқушылардың сабақтан қалу жағдайларын анықтауға, балаларға мектепке жиналуға көмек көрсететін әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалар мен отбасыларға бақылаушы енгізу, мәселелеріне екпін салынғалы отыр.
«Аталғандармен қатар, биылғы жылдың тамыз бен қыркүйек айлары аралығында бірқатар шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Әрбір елді мекенде, фермада, қала маңындағы саяжайларда, шаруашылықтарда, бөлімшелерде, алаңдарда «тәуекел тобындағы» балаларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылады. Бұл топтағы балаларға қараусыз жүрген жеткіншектер, жайсыз отбасының, көшіп-қонушы отбасылардың балалары, үнемі сабақтан қалып, қайыршылықпен айналысатын балалар, шаруашылық алаңдарында жұмыс істейтін балалар жатады. Осы рейдтердің барысында осы топқа жататын балалардың нақты есімдері мен мекен-жайлары белгіленеді және олар білім беру органдары мен демеушілерге, меценаттарға бекітіледі»,-деді М.Әбдікәрім.
Осы бағыттағы жұмыстарыдң қорытындылары аудандық және облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда қаралады.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері