- Басты
- Жаңалықтар
- Индонезия Жамбыл облысымен бизнес-ынтымақтастық орнатуға дайын
Индонезия Жамбыл облысымен бизнес-ынтымақтастық орнатуға дайын
«Қазақстан мен Индонезия арасындағы тығыз қарым-қатынас 2012 жылы екі мемлекеттің басшыларының кездесуінен соң басталды. Бұл ынтымақтастық «Экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жол картасы», Қазақстан-Индонезия бизнес-форумы сияқты шаралар мен мұнайгаз, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және өзге де көптеген салалар бойынша өзара түсіністік жөніндегі меморандумдарға қол қою ісіне ұласты. Біздің бүгінгі кездесуіміздің мақсаты - Жамбыл облысының перспективалы бизнес-жобаларымен таныстыру»,-деді Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова.
Жамбыл облысының инвестициялық жобалары жөнінде өңірлік Кәсіпкерлер палатасының АӨК-нін дамыту бөлімінің жетекшісі Аспандияр Сейсебаев, кәсіпкерлер айтып берді. Өздерінің жұмыстарының мән-мағынасы туралы «Комбинирленген вакуум-сулы жылу жүйесі» мен «Қалдықтардан - кіріске» атты жобалардың авторлары Виектор Хан, Игорь Горборуков пен Халипа Сапиева айтып берді.
Фостер Гул Азия-Тынық мұхиты аймағында жетекші мемлекеттердің бірі саналатын Индонезияның экономикалық әлеуеті жөнінде айтып берді. Мыңдаған аралдар елінің Қазақстанға, Жымбыл облысында сауда мен туризм салаларына қызығушылығы ерекше. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар арнайы хаттамаға қол қойды, Онда Индонезия Республикасының елшілігі мен Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасының арасында тиісті тараптардың экономикалық әлеуетіне қатысты тәжірибе алмасу, екі елдің сауда миссияларына қолдау көрсету арқылы екіжақты сауда алмасу мен экономикалық ынтымақтастық мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ құжатта бизнес-кездесулер мен семинарлар кәсіпкерлерік тренингтер ұйымдастыру мәселесі қарастырылған.
Кездесудің соңында, Фостер Гулт Индонезияның көлемі мен даму жағынан сәйкес келетін қандай да бір қаласын Тараз қаласымен бауырлас етуді ұсынды.
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр