- Басты
- Жаңалықтар
- Пауэрлифтингтен өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші күнінде 4 медаль жиынтығы сарапқа түсті (ФОТО)
Пауэрлифтингтен өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші күнінде 4 медаль жиынтығы сарапқа түсті (ФОТО)
Естеріңізге сала кетейік, пауэрлифтингтен тірек-қимыл аппараттары зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионаты шілденің 26 мен 30-ы аралығында Алматыда өтеді. Алматы континенталды біріншілігінің бірініш медальдар жиынтығын 41 келіде әйелдер сарапқа салды. Алтынды қытайлықтар, күмісті нигериялықтар, үштік үздікті Индонезия қорытындылады. Қазақстандық пауэрлифистер арасында Юлия Петрусева үздік шықты. Ол өзінің салмағынан 11 келіге көп салмақты көтерді.
Ерлер арасындағы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 10 спортшы өнер көрсетті. Қазақстанның атынан Ернат Қасмұханов пен Азамат Отабай өнер көрсетті. Негізгі сайыс Вьетнам мен Нигерия өкілдері арасында өтті. Сайыс нәтижесінде «алтын» медальды Вьетнам өкілі иеленді. Вьетнамдық спортшының көрсеткіші 177 келі. Екініш орынға – Нигерия тұрақтады, үшінші орын Иорданияның еншісінде.
Ерлер арасында өткен 54-келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі сайысқа 15 адам қатысты. Бірінші орынды 184 келіні жатып көтерген польшалық спортшы олжалады. Күміс жүлде вьетнамдықтардың қанжығасында кетті, үшінші орынға Ирак өкілі табан тіреді. Ол 182 келіні көтерді.
Әйелдер арасындағы 45 келі салмақ дәрежесінде өткен бәсекеге 4 спортшы қатысты. Аспан асты елінің өкілі 17 келі салмақ дәрежесінде ерекшеленіп, «алтынды», 78 келі көтерген Үндістан өкілі күмісті жеңіп алды. Үшінші орынға Өзбекстандық спортшы лайықты деп танылды. Қазақстандықтар үшін жағымды жаңалық осы бәсекенің жасөспірімдер арасындағы сайысында қола жүлдені Ақжол Мейірбеков жеңіп алды. 54 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз ең жас спортшылардың бірі болып табылады. 18 жасар пауэрлифтер 101 келіні бағындырды. Айта кететін мәселе, Ақжолдың ауыр спортпен айналысқанына бір жылдан аса қойған жоқ. Сондықтан бапкерлер оның болашағына үлкен үміт артады.
Естеріңізге сала кетейік, төрешелір құрамына 21 елден 30 адам кіреді. Қазақстан құрамасы 25 адамнан тұрады, бас бапкер – Артур Томский. Чемпионатта барлығы 203 спортшы өнер көрсетеді, олардың 134-і ерлер де, 69-ы әйелдер.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
AntikorLive: Азия Даму банкінің Серіктестерінің «қара тізімге» ену себебі айтылды -
QR-код: Жұмыс істеп жатқан базар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге енгізу қажет емес -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді