- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери қызметшілерінің күшімен тұрғын үйлердің 200-ге жуық ауласы мен жолдары сел салдарынан тазартылды
Әскери қызметшілерінің күшімен тұрғын үйлердің 200-ге жуық ауласы мен жолдары сел салдарынан тазартылды
«Сел салдарынан тастардың астында қалған Алматы көшесі толық тазартылды. Енді техника амен адамдар көшеде емін-еркін жүре алады, жол түгелдей жабылды», - деді ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Еркін Алашбеков.
Қазіргі уақытта Қарғалы кентінде Алматы өңірлік гарнизонының 400-ден астам әскери қызметшісі жүр. Олардың жарты бөлігі жергілікті мектептің жертөлесінен суды ағызу және ғимаратқа іргелес орналасқан аумақты тазарту бойынша еңбектенуде, қалғандары әлі күнге дейін су басып қалған аулалар мен жолдарды тазартуды жалғастыруда.
«Лай көшкіні үйіміздің ауласын басып кетті, біз шығып та үлгермедік. Қазіргі кезде тастар мен балшықтың үйіндісінен еш нәрсе қалған жоқ. Орасан жұмыс атқарылды, өте көп күш жұмсалды. Бізге қол ұшын созуға келген адамдарға шексіз алғысымызды білдіреміз», дейді кент тұрғыны Динара Ысқақова.
Есеріңізге сала кетейік, Қарғалы өзенінде су деңгейінің жоғарлауына байланысты Қарғалы және Таусамалы шағын аудандарының ішінара су басуы орын алған. Нәтижесінде Алматы қаласының Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандарындағы тұрғын үйлер зардап шекті. Бүгінгі таңда Алматыда төтенше жағдай режимі сақталуда. Осыған байланысты, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері төтенже жағдай ауданында жұмыс атқаруды жалғастыруда.
Әскери қызметшілердің жұмысын үйлестіру, міндеттерді және жұмыс учаскелерін бөлу мақсатында жедел штаб құрылғанын атап өткен жөн. Ол ағымдағы апта бойы қызмет атқаратын болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері