- Басты
- Жаңалықтар
- Энергетика министрлігі: Геологиялық барлау жүргізетін инвесторларға салық жеңілдіктері жасалады
Энергетика министрлігі: Геологиялық барлау жүргізетін инвесторларға салық жеңілдіктері жасалады
1996-2014 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына кететін шығындар шаршы километріне 3 долларды құрайтын. Олардың онға жуық пайызы Қазақстанның аз зерттелген аймақтарына жұмсалатын. Осының салдарына соңғы 10 жылда бізде мұнай мен газдың ірі кеніштер ашылған жоқ.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы тарапынан инвестицияларды ынталандыруы мен олардың ағынын күшейту үшін геологиялық зерттеу мен барлау жұмыстары бойынша салықтық жеңілдіктер жасап, әкімшілік кедергілерді жою мен оңтайландыру жоспарлануда. Бұған қоса, кенішті дайындау мен оның күрделілігіне байланысты жеңілдіктер мен басымдықтар беру арқылы салық салуға теңдестірілген үлгі енгізу жоспарлануда. Бұл жұмыс қорытындысы бойынша инвесторларға мүмкін болса кеніштерді ашып, пайда табуға мүмкіндік тудыру мақсатында жасалып отыр»,-деді Ұзақбай Қарабалин.
«Мемлекеттік органдар арасындай осындай жұмыстар жүргізілуде. «Еуразия» сияқты жобада көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекет пен жеке иеліктің әріптестік негізінде консорциум құрып, одан әрі 2016-2021 жылдар аралығындағы бағдарламаларды орындау көзделіп отыр. Бұған қоса, 2015-2016 жылдарға бағытталған Жер қойнауын пайдалану Кодексін дайындау көзделген. Қазіргі таңда Салық кодексіне геологиялық зерттеу жүргізу мен іздеу, барлау жұмыстарын жүргізуде салықтық жеңілдіктер енгізу мәселелері бойынша тиісті шаралар жүзеге асырылуда»,-деді вице-министр.
Айта кететін мәселе, аталған реформалардың арқасында геологиялық бақылау жұмыстарына алдыңғы қатарлы технологиялар мен трансферттерді тарту, мұнай мен газдың болашағынан үміт күттіретін бағыттарын анықтау, инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасау, мұнай, газ бен онымен байланысты экономика салаларын, сервистік және оған қосымша инфрақұрылымдарды, дәлелденген, алынатын қорларды алуды кемінде екі есе арттыруға қол жеткізілмек.
Анар Тәңірқұлова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Энергетика саласы: Электp энеpгиясын өндipу, технологиялық бұзушылықтар және оның себептері -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар -
Білім және ғылым министрлігі: Мұғалім мәртебесі, жалақы, оқулықтар сапасы, ҰБТ, ЖОО лицензиялары -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Елордада Салық Зимановтың 100 жылдығы атап өтілді