- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы әкімдігі қалалық ІІД-не 97 автокөлік алу үшін 501 млн теңге бөледі
Алматы әкімдігі қалалық ІІД-не 97 автокөлік алу үшін 501 млн теңге бөледі
Қалалық Ішкі істер дапертаментінің бастығы Серік Күдербаевтың айтуынша, қаладағы қылмыстық жағдай бақылауда. Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру мен оны басқару - 33,3 пайызға, бопсалау - 9,5 пайызға, көлікті иеленіп кету - 9,3 пайызға, тонау - 6,3 пайызға, пәтерге ұры түсу жағдайлары – 4,4 пайызға кеміді. Ұйымдасқан қылмыстық топтар тарапынан жасалған 232 қылмыс ашылды.
Жедел-іздестіру жұмыстарының барысында қылмыстық жауапқа ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында есепте тұрған 28 азамат жауапқа тартылды.
Алматы әкімі А.Есімов қаланың тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қаржы, полицияны қаржыландыруға жетілдіруге жеткілікті екендігін атап өтті. Соңғы 3 жылда қалалық ІІД-ін қаржыландыру үшін 55 млрд теңге бөлінген, соның ішінде 6,9 млрд теңге материалдық-техникалық жабдықтауға берілген.
«Қаржылық қолдау мен материалдық-техникалық жабдықтаудың арқасында ішкі істер органдарының өкілдеріне қылмысқа қарсы тұру мен қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Алайда, біз осымен ғана шектеліп қалмай, жаңа технологиялар мен халықаралық тәжірибені қолдана отырып, тиімді тәсілдерді енгізуіміз қажет. Кез-келген мегаполистің имиджі оның қала халқының тұрғындарымен қатар, оның қонақтарының қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету деңгейімен байланысты»,-деді А.Есімов.
Қала басшысының сөзінше, қалалық ІІД-нің бюджеті 20,1 млрд теңге көлемінде бекітілген, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2,7 млрд теңгеге көп. Бұл соманың 12,4 млрд теңгесі немесе 64 пайызы қалалық бюджеттен бөлінген. 2013-2014 жылдары 258 көлік сатып алынған, өз кезегінде бұл көліктер ІІД көлік паркіннің үштен бір бөлігін толықтыруға мүмкіндік берген. Қазіргі таңда қала бюджетінде тағы 97 көлік сатып алу үшін 501 млн теңге бөлу жоспарланған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады