- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында алғашқы жартыжылдықта табиғи газ өндіру 16,8 пайызға артты
Маңғыстау облысында алғашқы жартыжылдықта табиғи газ өндіру 16,8 пайызға артты
«Маңғыстау облысында өңірлік жалпы өнім көлемі бір адамға шаққанда республика бойынша 4-ші орында тұр. Осылайша, өңірлік жалпы өнім көлемі 744 мың теңгені құрады, бұл ретте республика бойынша орташа көрсеткіш 472,8 мың теңге. ӨЖӨ-нің нақты өсімі 2015 жылдың бірінші тоқсанында 103,7 пайызды құрады, бұл 453,2 млрд теңге деген сөз. 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қазіргі қолданыстағы бағамен 772,5 млрд теңгенің өнімдерін шығарды. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі 98,4 пайызды құрады»,-делінген хабарламада.
Өсім азық-түлік өнімдері мен өзге де металдық емес өнімдерде 1,6 пайызға, резина пластмасса өнімдерінде 1,2 пайызға, былғары және оған жататын өнімдерде 16,1 пайызға, тағам өнімдерінде 20,3 пайызға, химия өнеркәсібінде 1,7 пайызға артқандығы байқалған.
«Маңғыстау облысында бірінші жартыжылдықта мұнай 9,2 млн тонна көлемінде немесе 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,7 пайызға өндірілген. Табиғи газ өндіру 16,8 пайызға артып, 1173,3 млн текше метрді құрады. Қайта өңдеу өнеркәсібінде жартыжылдықта 41,3 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Нақты индекс көлемі 101,6 пайызды құрады»,-деді Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды