- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылғы Универсиадаға қатысқан 10 қазақстандық жүлдегердің 8-і алматылық спортшы
2015 жылғы Универсиадаға қатысқан 10 қазақстандық жүлдегердің 8-і алматылық спортшы
Естеріңізге сала кетейік, 28-ші Универсиада Оңтүстік Корей елінің Кванджу қаласында өткен болатын. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 қола меделін қанжығаға байлап жалпыкомандалық есепте 11 орынға ие болды. Оның ішінде 5 алтын мен 3 қола медалін алматылық спортшылар еншіледі. Шаһар басшысы спортшыларды жеңісімен құттықтап, қаржылай сыйлық табыстады. Өз сөзінде Алматы әкімі спортшыларға енді ересектермен жарысқа түсетін спорт аренасында сәттілік тіледі.
«Сіздер өздеріңіздің шеберліктеріңіз бен жеңіске деген ұмтылыстарыңыздың арқасында жоғарғы нәтиже көрсеттіңіздер. Енді ересек спортшылармен қатар жарысқа түсуге дайынсыздар деп есептеймін. Сіздерден келесі жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарынан жеңіс күтеміз», - деді Ахметжан Есімов.
Өз кезегінде спортшылар шаһар басшысына спорт саласы мен спортшыларға көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдіріп, Олимпиада ойындарында биік тұғырдан көріну үшін аянбай еңбек ететіндерін жеткізді. Сөз соңында Алматы әкімі жүлдегерлерге Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) президенті Клод-Луи Гальен жолдаған хатты оқыды. Сондай-ақ, хатта FISU президенті қала басшысын 28-ші Қысқы Универсиада ойындарын өткізу барысында жақсы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқаны үшін алғысын білдіріп, 2022 жылы өтетін Ақ Олимпиада ойындары өткізетін шаһар құқығын жеңіп алуды тіледі.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді