- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сапарбаев: Қазақ хандығының 550 жылдығын патриотизм мен мемлекеттілікті нығайтатындай етіп өткізу маңызды
Б. Сапарбаев: Қазақ хандығының 550 жылдығын патриотизм мен мемлекеттілікті нығайтатындай етіп өткізу маңызды
Таразда Үкімет басшысының орынбасары «Қазақ хандығы» монументі орналасқан орында болып, ескерткіштің орналасқан жерінің эскиздерімен танысты. Одан әрі Б.Сапарбаев еліміздің өзге өңірлерінің өкілдері тарапынан салынып жатқан нысандармен танысты. Нақтырақ айтқанда, ол кіреберістегі арқалықтың қайта жөнделуі мен екі барельефтің құрылысын көрді. Бұл бағыттағы жұмыстарды Оңтүстік Қазақстан обылысының өкілдері жүргізуде.
Сонымен қатар, ол Павлодар, Ақтөбе облыстары айналысып жатқан көпірлерді қалпына келтіру барысымен, Атырау облысы айналысып жатқан Тұңғыш Президент саябағының жанындағы алаңдарды абаттандырумен, Маңғыстау облысы жүргізіп жатқан «Тараз» мейрамханасын әрлендіру жұмыстарымен, Солтүстік Қазақстан облысы айналысып жатқан автовокзал маңындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Бұдан соң, Б.Сапарбаев драма театры ғимаратындағы жөндеу жұмыстарын, «Даңқ Аллеясы» құрылысын, Қызылорда мен Қостанай облыстар айналысып жатқан Қарахан баба мавзолейінің абаттандыру жұмыстарын көрді. Сондай-ақ ол «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында да болып, археологиялық және қалпына келтіру жұмыстарымен музей құрылысымен, этноорталық қызметімен, «Тараз саздары» стелласы және Батыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы айналысып жатқан «Мыңбұлақ» скверінің абаттандыру шараларымен танысты.
Тараз Мемлекеттік университетінде Б.Сапарбаев облыс әкімдерінің орынбасарларымен, аудан әкімдерімен, басқарма, аймақтық департаменттер мен оқу орындарының, кәсіпорындар мен бизнес-құрылымдардың басшыларымен Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына қатысты мәселелер бойынша мәжіліс өткізді. «Мемлекет басшысы Қазақ хандығының мерейтойына дайындықты орталық және аймақтық деңгейде уақытында дайындауды тапсырды. Аталмыш шараны жастарға патриоттық тәрбие беретіндей, мемлекеттілікті нығайтатындай етіп өткізу маңызды. Бізге аталмыш нысандарды сапалы әрі уақытында аяқтау қажет. Бұл ретте әкімдіктерге қажетті құралдарды тиімді пайдаланып, демеушілерді тарту керек»,-деді Б.Сапарбаев.
Тәуліктің екінші жартысында жұмыс сапары Жуалы ауданында жалғасып, онда Б.Сапарбаев «BurnoeSolar» күн стансасының жұмысымен танысып, әлеуметтік, білім беру және спорт нысандарын аралады. Б.Момышұлы музейінде болып, әлеуметтік сала жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында Үкімет басшысының орынбасары жаңа оқу жылына дайындықты уақытында аяқтап, мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып, әлеуметтік мәселелерді шешу ісіне ерекше назар аударды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары