- Басты
- Жаңалықтар
- Бокстан Олимпиада чемпиондары Ақмола облысында «Сұңқар» сауықтыру орталығының балаларымен кездесті
Бокстан Олимпиада чемпиондары Ақмола облысында «Сұңқар» сауықтыру орталығының балаларымен кездесті
Бейжің және Лондон Олимпиадаларының жеңімпаздарымен кездесу балалар лагерінің үшінші маусымын ашу күні болып өтті. Даңқты боксшылар алдымен балаларға құттықтау сөздерін айтып, кейіннен арнайы шеберлік класын өткізді. Жас жанкүйерлер өздерінің пікірлерімен спарринг өткізіп, одан кейін бірге фотоға түсіп, қолтаңбаларын алды. Өз кезегінде «Сұңқарлықтар» қонақтарына шағын концерт көрсетіп, өздерінің шығармашылықтарымен қуантты.
Қазіргі уақытта елдің түрлі өңірлерінен мұнай саласы қызметкерлерінің отбасыларынан үш жүзден астам бала лагерьде демалып, жаңа достар табу мүмкіндігіне ие болды.
«Кездесу мақсаты балаларға біз жеткен жетістіктерге олардың да жете алатынын дәлелдеу, оларға спортпен айналысуға құлшыныстарын ояту және кездесумен қуанту. Балалармен кездесіп, олардың оттай жанған жанарларын көрген үлкен бір мәртебе. Осындай кездесулер өте маңызды. Біздің жеңістерімізге орай, олардың спортқа деген құлшынысы оянады. Мен лагерьде бала кезімде демалғанмын, әкем менің – шахтер. Бізге де жеңілдіктер болған. Ал бұл жерде «ҚазМұнайГаз» компаниясының жұмыскерлері үшін барлығы тегін», - деді Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.
«Менің өзім бала кезімде лагерьде демалғанмын. Сондықтан мен үшін, осы балалар сияқты барлығы жаңаша. Барлығын өз көзіммен көрдім. Балалар лагері біздің балалар тәрбиесінде, олардың дамуында өте пайдалы деп санаймын. Сондықтан осындай іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын, балалар үшін осындай бір мереке ұйымдастырғандарға алғысымды білдіргім келеді», - деді Бокстан Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Олимпиададағы қазақ спорты: кеше және бүгін -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті