- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық музейінде «Ғасырлардан сыр шерткен – Атырау» көрмесі ашылды
ҚР Ұлттық музейінде «Ғасырлардан сыр шерткен – Атырау» көрмесі ашылды
Көрменің мақсаты – өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеуге негізделген жоба аясында Атырау облысы тарих-өлкетану мұражайының қорында жинақталған қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің баға жетпес жәдігерлерін елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстыру.
Мысыр елін 17 жыл билеген атақты қолбасшы, тарихи тұлға Сұлтан Бейбарыс ескерткішінің макеті, Солтүстік Африкалық үлгідегі күміспен әшекейленіп жасалған мамлюктер тапаншалары;
Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты: Әбілхайыр хан (1693 -1748), Бөкей хандығының құрылу тарихы (1801), Бөкей ордасының негізін салушы Бөкей Нұралыханов және Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгір (1801-1845), өмірдеректері мен фотосуреттері және мөрлері, Бөкей ордасында ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатысты бұйым түрлері;
Кіші Жүздегі халық батырлары Сырым Датұлы (1712-1802), ұлт - азаттық көтеріліс басшылары (1836-1838 ж.ж.) Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына қатысты фотосуреттер және заттай бұйымдар 200 жылдық тарихы бар қайрақ тас, дауылпаз ақынның домбырасының көшірмесі;
Қазақ мұнайының тарихы және қазіргі мұнай компаниялары, Атырау облысында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, өнер және әдебиет, спорт салаларының даму тарихы және дамытуға үлес қосушылардың фотосуреттері мен құжаттары бойынша 17 дана тақырыптық планшеттерге орналастырылып, жергілікті қолөнер шеберлерінің этнографиялық туындылары, сүйекпен және күміспен әшекейленген ер үзеңгісімен, күмістелген қамшы (ХХ ғ), ағаш ыдыстар, сүйек пластинкалы, күміспен өрнектелген домбыра (ХІХ ғ), зергерлік әшекей бұйымдары түрлері, сонымен қатар Ш.Сариев атындағы қолданбалы және сәндік өнер мұражайы қорынан 60 дана картина қойылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады