- Басты
- Жаңалықтар
- Д. Әшімбаев: ИИДМБ тұрақты тексеру жүйесі енгізілген жалғыз бағдаралама
Д. Әшімбаев: ИИДМБ тұрақты тексеру жүйесі енгізілген жалғыз бағдаралама
«Мемлекет басшысы 5 институционалды реформаны жария етті, онда экономикаға қатысты мәселелер көп емес, өйткені елде ИИДМБ екінші бесжылдығы жүзеге асырылуда және «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданған. Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында екі қосарлама элементке назар аударып отыр. Оның біріншісі биліктің ашықтығын қамтамасыз ету, екіншісі мемлекеттік басқарудың сапасын арттыру. Елде экономикалық саясатты жүзеге асырып, базалық бағдарламаларды орындау үшін тап осы мәселелер өзекті болып табылады»,-деп түсіндірді саясаттанушы.
Д.Әшімбаевтың сөзінше, ҮИИБ-ның бірінші бесжылдығының оңтайлы есептілігі мен даму статистикасы бар болатын. Сонымен қатар, нысандар жіті назарда әрі тұрақты тексеру аясында жүзеге асырылуда.
Сарапшының пікірінше, ИИДМБ елдің шикізат саясатына екпін түсіретін және отандық кәсіпорындарды сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама.
«Қазақстанның жаңа тарихына жіті назар салатын болсақ, біз соңғы 20 жылдың көлемінде жаңғырту, қалыптастыру, дамыту бойынша 20-ға жуық бағдарламаның қабылданғандығының куәсі боламыз. Алайда қарапайым ғана мониторинг жұмыстары тұрақты тексеру шаралары енгізілген, статистикалық мәліметтер жарияланып, есеп беріліп отыратын жалғыз ғана бағдарлама ҮИИБ екенін көреміз, ал өзге құжаттар бойынша мұндай шаралар қарастырылмаған»,-деді саясаттанушы.
Д.Әшімбаевтың сөзінше, нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында проблема тап осы бақылау жүйесіне қатыст болатын.
«100 нақты қадам» бағдарламасында да көрініс тапқан Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы тап осы мемлекеттік басқару сапасын жетілдіруге бағытталған болатын. Бұл мемлекеттік қызметтің лауазымдық үлгісінен мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, кадрларды дайындау болып табылады. Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы алдыға реттеудің тактикалық дағдарысқа қарсы бағдарламаларын қамтитын міндеттерді қойды»,-деді сарапшы.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады