- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада #Talks2050 форумында елорданың келешек дамуы талқыланады
Астанада #Talks2050 форумында елорданың келешек дамуы талқыланады
#Talks2050 – TED конференциясы форматындағы бейресми форум. Ұйымдастырушылар: «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі. Биылғы алғашқы #Talks2050 форумы Атырау қаласында өтті. Барлығы Атырау, Астана, Петропавл, Шымкент, Өскеменде 5 форум жоспарланған.
Осы жолы бұқара назарына ұсынылатын тақырып аясы: «Қазақстанның бас қаласының келешек келбеті қандай болуы тиіс? Қаланың ғаламдық урбанистикалық орталыққа айналуы елорда тұрғындарына қандай табыс әкелмек? Елорданы дамыту бағдарламаларында қала тұрғындарының мүддесі қаншалықты көзделген? Қала тазалығы мен ондағы тұрғындарға жасалған жағдайға қатысты елордалықтар ойын ашық айтып, нақты ұсыныстар беруге дайын ба?»
«Спикер ретінде біз астананың дамуына тікелей қатысы бар, өз өмірін қаланың келбетін қалыптастыруға арнаған адамдарды шақырып отырмыз. Олар сәулетшілер, экономистер, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйым көшбасшылары, кәсіпкерлер мен өзге де белсенді қала тұрғындары. Олардың әрқайсының алдында көрерменге қызықты тәсіл арқылы Астанада сапалы өмір сүрудің стратегиясы туралы жеке тәжірибесімен бөлісу міндеті тұр, - дейді «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы Данат Жұмин.
Форум аясында 10 спикердің әрқайсысы 15 минуттан сөз алады. Яки, шамамен 3 сағат аясында форум қатысушылары әр саланың кәнігі мамандарының өз аузынан экономика, инженерия, бизнес, экология, мәдениет саласы тұрғысанан көзқарастары мен болжамдарын тыңдай алады. Іс-шараға 200-ден астам қатысады деп жоспарланып отыр.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары