ҚР 2015-2020 жылдарға арналған Ұлттық жоспарының жобасы әзірленді

24 Шілде, 2015 16:38
Елбасы жариялаған бес бес институционалдық реформа аясында шешім қабылдау процесіне үкіметті емес ұйымдарды (ҮЕҰ) тарту мақсатында Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-әрекетін дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Ұлттық жоспарының жобасы әзірленді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қазақстанда ҮЕҰ-на ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы ҮЕҰ-ның қоғамның жүйелі негізде дамуындағы рөлін бағдарламалық құжаттар мен сөйлеген сөздерінде атап өтті. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі азаматтық қоғамның кемелденгендігінің және елдегі демократия деңгейінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Ұлттық жоба жобасы қазақстандық қоғамды әлеуметтік-экономикалық жаңғырту және азаматтардың өмір сапасын арттыруүрдісінде Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарыныңбәсекеге қабілеттігін арттыру үшінжағдай жасау, мемлекет пен ҮЕҰ-дың өзара іс-қимылы тәжірибесін жетілдіру мақсатында әзірленген.

Жоспардың негізгі бағыттарының ішінде қоғамдық бақылау жүйесін дамыту, ҮЕҰ-ның жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қатысуы, мемлекет пен ҮЕҰ-ның слалық ынтымақтастығының тетіктерін дамыту бар. Сонымен қатар, құжат жобасына сәйкес, қайырымдылық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту көзделіп отыр. Жоспарда халықаралық және шетелдік ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылдың басымды бағыттары да көрсетілген.

Аталған жоспарды іске асыру нәтижесінде халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып мемлекет пен ҮЕҰ-нң заманауи тәжірибелерін заңнама түрінде іске асыру, Қазақстандық ҮЕҰ-ның бәсекеге қабілеттілігі мен институционалды тұрақтылығын нығайту ҮЕҰ мен бизнестің ынтымақтастығын кеңейтуге қол жеткізіледі деп күтілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар