- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ шетелдік жұмыс күшін тарту үрдісін қайта қарауды ұсынуда
ҚР ДСӘДМ шетелдік жұмыс күшін тарту үрдісін қайта қарауды ұсынуда
«Заң жобасында шетел мамандарын (жұмыс істеу үшін Қазақстанға өз еркімен келген азаматтар) квотадан тыс және рұқсатсыз тарту, біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы енгізу, шетелдік жұмыскерлерді балдық жүйе бойынша бағалау мәселелері қамтылған. Шетел жұмыскерлері үшін өздігінен жұмысқа орналасу бойынша басым бағыттар анықталатын болады (эконимикалық қызмет түрлері)», - деді Б.Нұрымбетов.
Сондай-ақ, заң жобасында жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту тәртібін жетілдіру ұсынылады. Егер бұған дейін квота Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғынына пайыздық арасалмағы негізінде белгіленсе, енді ШЖК тартуға квотаны экономикалық қызметтің түрі бойынша сала жұмыскерлерінің санына қатысты пайыздық арасалмақпен анықтау қарастырылады.
«Рұқсатты ақылы негізде беру жоспарланған. Рәсімдеу шараларын жеңілдету мақсатында рұқсатты беру ХҚКО арқылы жүргізіледі. Ішкі корпоративтік ауысулар рәсімдерін жеңілдету ісі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттарымен сәйкес жүзеге асырылады», - деді ол.
«Ішкі корпоративтік ауысуларды жеңілдік шарттарынының негізінде рұқсат беру арқылы квотадан тыс жүзеге асыру ұсынылып отыр, Жеңілдік шарттары тегін рұқсат беруді, 2 және 3 санаттағы (құрылымдық бөлім жетекшілері мен мамандар) жергілікті кадрларды ұстауға қойылатын талаптардың 50%-ға дейін төмендетілуін, сонымен қатар, бірінші санат бойынша (жетекшілер мен олардың орынбасарлары) шектеулерді алып тастауды қарастырады», - деп атап өтті Б.Нұрымбетов.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында инвесторларға жағдай жасауды, АҚШ, Канада, Австралия және т.б. елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, жоғарғы білікті шетел мамандарын тарту бағытындағы көші-қон тәртібін қайта қарауды тапсырған болатын.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі