- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда рұқсат бойынша 38 346 шетелдік азамат жұмыс істейді – ҚР ДСӘДМ
Қазақстанда рұқсат бойынша 38 346 шетелдік азамат жұмыс істейді – ҚР ДСӘДМ
«Елбасы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында инвесторларға жағдай жасауды, АҚШ, Канада, Австралия және т.б. елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, жоғарғы білікті шетел мамандарын тарту бағытындағы көші-қон тәртібін қайта қарауды тапсырған болатын», - деді ол.
« ҚР көші-қон саясаты ішкі еңбек нарығын қорғау мен оны отандық мамандар үшін сақтау қағидаларына, сонымен қатар, жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға негізделген. (әрі қарай ШЖК). Қазақстанда квоталау және жұмыс істеуге рұқсат беруге негізделген ШЖК тарту тәртібі қолданылады.ҚР Үкіметі 2015 жылы ШЖК тартуға бекітілген квота көлемін республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының жалпы санының 0,7% (шамамен 63,9 мың адам) құрады», - деді Б.Нұрымбетов.
2015 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес елімізде 38 346 шетел азаматтары жұмыс істейді. Оның 63%-ға жуығы жоғарғы санаттағы жұмыскерлер (топ-менеджерлер, орта буын басшылары, мамандар), 37% - білікті және маусымдық шетелдік жұмыскерлер.
«Бүгінде Қазақстанда 144 елден келген 38 346 шетел азаматтары жұмыс істеуде (Қытай - 32%, Туркия -12%). ҚР ДСӘДМ қолданыстағы ШЖК тарту жүйесін жетілдіру жолдарын ұсынуда. Қазіргі таңда көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді», - деп атап өтті ол.
Ішкі корпоративтік ауысуларды жеңілдік шарттарынының негізінде рұқсат беру арқылы квотадан тыс жүзеге асыру ұсынылып отыр, Жеңілдік шарттары тегін рұқсат беруді, 2 және 3 санаттағы (құрылымдық бөлім жетекшілері мен мамандар) жергілікті кадрларды ұстауға қойылатын талаптардың 50%-ға дейін төмендетілуін, сонымен қатар, бірінші санат бойынша (жетекшілер мен олардың орынбасарлары) шектеулерді алып тастауды қарастырады.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет