- Басты
- Жаңалықтар
- Беларусь «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға дайындық бойынша ұлттық үйлестірушісін бекітті
Беларусь «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға дайындық бойынша ұлттық үйлестірушісін бекітті

Сұхбаттастар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ТМД мен ЕАЭО шеңберіңде ықпалдастықты тереңдетудің қазіргі ахуалы мен болашағы туралы пікір алмасып, сондай-ақ Беларусьте өтетін екі ел үкімет басшыларының қатысуымен алдағы іс-шараларына және Қазақстан-Белорусь үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті 12-ші отырысын дайындық мәселелерін талқылады.
Е. Бөлегенов сұхбаттасын еліміздің ағымдағы өзекті саяси мен әлеуметтік-экономикалық оқиғалармен, соның ішінде Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің қорытындыларымен, сондай-ақ биыл аталып өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатынымен таныстырды.
Қазақстан Елшісі қазіргі заманғы Қазақстанның кең көлемді трансформациясын жүзеге асыруды көздейтін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық барысына зор тоқталып, өзінің қатысуын алғашқылардың бірі болып растаған белорус тарапына алғысын білдірді.
Беларусь Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің нық қалыптасуы мен дамуындағы рөлін, ЕАЭҚ құрылуы мен қызметі жөніндегі оның стратегиялық идеясының жүзеге асырылуындағы ерең еңбегін атап өтті. Ол, сонымен бірге, белорус тарапының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға дайындығы бойынша ұлттық үйлестіруші ретінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Александр Юрьевич Михневичті бекіту туралы шешім қабылданғандығын айтты.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі
-
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде

