Қазақстанда судья лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қатайтылуда

24 Шілде, 2015 12:34
Қазақстанда судья лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тетігі мен біліктілік талаптары қатайтылуда, деп хабарлады Жоғарғы соттың Қылмыстық істер бойынша қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Судья лауазымына кандидаттардың жасы 30-дан кем болмуы керек деген ұсыныс қолданды. Сонымен қатар, сотпен байланысты қызметте кемінде 5 жыл жұмыс істеуі керек деген талап ұсынылып отыр. Соттағы магистранттардың тәжірибеден өтуі 1 жылға дейін созылады. Тәжірибеден өтуге қабылдау өңірлердің сот кадрлеріне деген сұраныстары негізінде қабылданатын болады. Қайта сайланған судьялар үшін 1 жыл сынақ мерзімі болады. Бұл азаматтар әкімшілік істер мен аса күрделі емес азаматтық істерді, орта деңгейдегі қылмыстық әрекеттер бойынша істерді қарайтын болады»,-деді А.Рахметулин.  

Оның сөзінше, аталғандармен қоса алдағы уақытта жаңа сайланған судьялар үшін бұрыннан судья болып келген азаматтардың тапсыру институты енгізілетін болады.   

«Бүгін тапсыру институты Жоғарғы соттың бастамасымен қабылданып отыр, болашақта ол заң жүзінде бекітіледі. Сот алқасының құрамында біліктілік және тәртіптік екі еркін комиссия құру көзделіп отыр. Аталған жаңартылған алқа құзырына судьялардың кәсіби біліктілігін бағалау міндеті енгізілмек»,-деді ол.  

Осылайша, бұл соттардың кәсіби деңгейлерін тексеруге бағытталған тікелей құралдар болады. Бұл шаралардың барлығы мемлекеттік қызметте қолданылатын толықтай меритократия талаптары сай жүзеге асырылады.  

Анар Тәңірқұлова

 

 

Барлық жаңалықтар