- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда үшдеңгейлі сот жүйесіне көшу жұмыстары жүргізілуде – ҚР ЖС
Қазақстанда үшдеңгейлі сот жүйесіне көшу жұмыстары жүргізілуде – ҚР ЖС
«Үшдеңгейлі сот жүйесі дегеніміз – бірінші деңгейдегі сот – аудандық соттар, аппеляциялық деңгей- облыстық сот, кассациялық деңгей –Жоғарғы сот. Аталған ұсыныс қазіргі сот жүйесіне қатысты айтылып жатқан сын пікірлерге байланысты болып отыр. Қазіргі облыстық сотта аппеляциялық та кассациялық та сот бар. Оның үстіне кассациялық деңгей қазір қадағалау міндетін ғана атқаруда, яғни ол өзінен төменгі деңгейдегі сот шешімдерін қайта қарайды. Сөйтіп, ол істі қайтадан Жоғарғы сотқа жолдауға мәжбүр болады. Италия, Испания, Франция сияқты алдыңғы қатарлы мемлекеттерде істерді қайта қарау тетігі кассациялық деп аталады»,-деді А.Рахметулин.
Оның сөзінше, деңгейлерді қысқартудың нәтижесінде Жоғарғы соттың жауапкершілігі де оған артылатын міндеттер де артады.
«Бұл ретте облыстық соттардың штат саны қайта жасақталатын болады, ал Жоғарғы сот судьяларының саны көбейеді. Қазіргі таңда сот шешімдерінің таза заңға сай ету бағытында жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ соттарға артылатын міндеттер мен судьялардың санына қатысты жұмыстар зерделенуде. Сот деңгейлері қысқартылса, аппеляцияның рөлі артуы керек, сондай-ақ алқада қаралатын істер де бар»,-деді ол.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша