• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Зерде» холдингі ақпараттық технологиялар халықаралық университетінің акцияларын сатуда

«Зерде» холдингі ақпараттық технологиялар халықаралық университетінің акцияларын сатуда

24 Шілде, 2015 12:03
Ел Үкіметінің «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамы жекешелендірудің екінші толқынының аясында «Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті» (АТХУ) акционерлік қоғамының 38 пайызға жуық акциялар пакетін сату бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруда, деп хабарлады «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Зарема Қорғанбекова.

«Ел Үкіметінің «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамы жекешелендірудің екінші толқынының аясында өзіне тиесілі «Ақпараттық технологиялардың халықаралық университеті» акционерлік қоғамының 38 пайызға жуық акциялар пакетін сатпақ. АТХУ 2009 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған болатын»,-деді З.Қорғанбекова.   

Оның сөзінше, холдингтің бүгінгі құрылтайшылары университетті құру ісіне қатысқан болатын. 

«Топ-менеджерлер командасының арқасында компания брын тек шығын алып келген университет 4-жылдан астам уақыттың ішінде табыс әкелетін болды.  Қоғамның құрылтайшылары бірнеше жыл қатарынан университет қызметінен түскен табыстарды компанияны дамытуға жұмсап, акционерлік капиталдың ұлғаюына қол жеткізді»,-деді Басқарма төрағасының орын.басары.  

«Зерде» холдингінің директорлар кеңесі университеттің акцияларын сату бойынша электронды сауды ұйымдастырудың тәртіптерін бекітті және олар мемлекеттік меншік тізімінің веп-порталында ҚР заңнамаларына сәйкес ұйымдастырылады.   

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар