• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылдың бірінші жартысы бойынша ҚР соттарына 22 302 қылмыстық іс келіп түсті

2015 жылдың бірінші жартысы бойынша ҚР соттарына 22 302 қылмыстық іс келіп түсті

24 Шілде, 2015 11:52
2015 жылдың бірінші жартысы бойынша ҚР соттарына 22 302 қылмыстық іс келіп түсті, ол 2014 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 0,3 пайызға аз, деді ОКҚ брифингінде Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот ұжымын бақылаудың төрағасы Абай Рахметулин.

«Республиканың аудандық және қалалық соттарына  22 302 қылмыстық іс келіп түсті, ол 2014 жылдың бірінші жартысымыен салыстырғанда 0,3 пайызға аз. Бұндай көрсеткіш барлық жерде көрсетілмеген. Жеті өңірде қылмыстық істер саны көбейген. Ол Астана, Алматы, Ақмола, БҚО, Қарағанды, СҚО және ОҚО», - деді А.Рахметулин.

Оның айтуынша, республикадағы судьялар тұтықнға тағылатын баламалы жазалау түрлерін қолданылуда.

«Барлық жазаға тартылғандар 14 632 адам, оның ішінде 3830 тұлға бас бостандығынан айрылды. Бұл тұтқындалғандардың 26,2 пайызын құрады. Демек, соттар жазалаудың баламалы түрін қолданыла бастады. Ақталғандар саны көбейді – 315, өткен жылы ол 219 адам болатын», - деді ол.

Айта кетерлігі, 3943 адам аталған уақытта жауапкершілікке тартылды. Өзге соттармен қоса республикада 7 350 материал уақытынан бұрын босталуы бойынша қайта қаралды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар