- Басты
- «ҚазАвтоЖол» Басшысы Астана-Теміртау жолындағы жұмыс барысын тексерді
«ҚазАвтоЖол» Басшысы Астана-Теміртау жолындағы жұмыс барысын тексерді

Ұлттық компанияның жетекшісі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Астана – Рождественка – Киевка – Теміртау автожолдарында орта және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бөліктерді тексеріп, мердігер ұйымдардың есебін тыңдады.
Қазіргі уақытта Анар-Теміртау тасжолының жалпы ұзындығы 92,7 шақырым болатын 4 бөлікте құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба негізінде жолды әлде қайда жоғары техникалық дәрежеге ауыстыру көзделген. Жетілдірілген көпір құрылыстарымен және әр түрлі сатыдағы замануй көлік айырымымен 4 жолақты жол болады. 65,3 шақырым жолға цемент-бетон төселеді, 27,6 шақырымның үстіңгі қабаты қиыршық тас-мастикадан жасалған асфальт-бетон төсемімен қапталады.
Жалпы алғанда облыс тұрғындары үшін құрылыс жүргізіліп жатқан бөліктерде 1000-нан аса жұмыс орындары құрылып, 405 дана техника жұмылдырылған. 4 цементбетон зауыты, асфальтбетон зауыты, 4 бетон-төсегіш кешені жұмыс істеуде.
Жыл соңында Астанадан Теміртауға дейін бір жолақта көлік қозғалысын ашу жоспарлануда. Автожол толығымен «ЭКСПО-2017» қарсаңында 2016 жылдың соңында аяқталады. «Астана-Теміртау» автожолын қайта жөндеуден өткеннен кейін 4 жолаққа кеңейтіліп, І техникалық дәрежеге жатқызылады.
Сондай-ақ, Теміртау-Қарағанды, Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналымы, Ақсу-Аюлы-Ақшатау, Қарағандыдан Сарышағанға дейінгі бөліктердің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
Ермек Қизатов жиынды қорытындылай келе компанияның Қарағанды облыстық филиалының және мердігер ұйымдардың жетекшілеріне облыстағы республикалық автожолдардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылау қажеттігі туралы бірқатар тапсырмалар берді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жолдар сапалы әрі уақытында орындалуы керек»,- дегенді қадап айтты.
-
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр
-
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды
-
Мемлекет басшысы «Спутник-V» вакцинасын салдырды
-
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе
-
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді
-
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: нәтижелер, мемлекеттік гранттар, микрокредиттер
-
«Ashyq» қосымшасы қалай жұмыс істейді
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты
-
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі
-
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар
-
QR-код: Жұмыс істеп жатқан базар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге енгізу қажет емес
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады

