• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жасалған: «Экотон +» инновациялық жобасы отандық құрылыс нарығының 60 пайызын қамтиды (ФОТО)

Қазақстанда жасалған: «Экотон +» инновациялық жобасы отандық құрылыс нарығының 60 пайызын қамтиды (ФОТО)

24 Шілде, 2015 10:38
Қазақстанның инновациялық–технологиялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған Үкімет «Экотон +» экологиялық жағынан таза бетон жасау жобасы қазақстандық құрылыс нарығындағы материалдардың 60 пайызына жетеді, деп хабарлады «Экотон +» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ерболат Рахымбаев Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Экотон +» АҚ табиғи таза бетон шығарумен айналысатын кәсіпорын. «Экотон +» АҚ зауыты Қазақстанның инновациялық-технологиялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылған және құрылыс нарығындаңы ең жоғарғы талаптарға жауап береді. 2004 жылы зауытты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Еліміздің құрылыс нарығында біздің өнімдеріміз барлық тауарлардың 60 пайызына жетеді»,-деді Е.Рахымбаев.  

Оның сөзінше, компанияның алдына әуелден-ақ құрылыс материалдарын сырттан әкелмей, оларды өзімізде өндіру туралы мақсат қойылған болатын.  

«Бүгінгі таңда біздің Астана мен Ақтөбеде екі зауытымыз бар. Ақтөбедегісі  «Экотон батыс» деп аталады. Біздің өнімдерімізді дайындау барысында цемент, әк, құм, гипс сияқты тек таза табиғи материалдар қоданылады. Біз пайдаланатын шикізаттардың 97 пайызы отандық. Мысалы әкті Павлодардан алсақ, цементті Жамбылдан, құмды Қорғалжың ауданынан жеткіземіз»,-деді Басқарма төрағасы. 

Оның айтуынша, екі зауыт 400 мың текше метр болатын өндіріс қуатына қол жеткізіп отыр.

«2017 жылға таман біз қуатты екі есеге арттырамыз деген ойдамыз. Бұған қоса біз, Қызылорда, Шымкент, Ақтау, Атырау сияқты қалалардан да өзіміздің филиалдарымызды аштық. 2014 жылы Ресейдің Оренбург қаласында да біздің кәсіпорынның өкілдігінің ашылу рәсімі болды. Біз өнімдердің 15 пайызын Ресейге, 5-10 пайызын Қырғызстанға экспорттаймыз»,-деді компания басшысы.       

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар