- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық Әскери-әуе күштерінің ұшу экипаждары «Авиадартс-2015» өткізу орнына ұшты (Фото)
Қазақстандық Әскери-әуе күштерінің ұшу экипаждары «Авиадартс-2015» өткізу орнына ұшты (Фото)
Олар Рязань қаласының әскери әуеайлағына келеді. Мұнда барлық қатысушылар жиналып, жеребе тасталады. Негізгі жарыстар екі қалада Сызрань – тікұшақтар, Липецк – ұшақтар өтетін болады. Ресейге аттанар алдында ұшқыштар Ақтөбедегі Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттарымен кездесті.
Авиадартсқа қатысушылар қатарында аталған әскери жоғары оқу орнының төрт түлегі бар. Сондықтан ұшқыш болуды және осындай халықаралық сайыстарға қатысуды армандайтын қазіргі курсанттар үшін бұл кездесудің маңызы орасан зор. «Авиадартс-2015» байқауында қазақстандық Әскери-әуе күштерін Қазақстан ӘӘК үздік ұшқыштары көрсететін болады.
МиГ-29-да капитан Нұрбек Әбдішүкір және аға лейтенант Владимир Бурковский, резервте капитан Айдар Гаухаров. Су-25 экипажы капитан Азат Абдуллин және Дмитрий Коробкинмен, сондай-ақ резервті ұшқыш Манас Дәулетбаевпен ұсынылды. Су-27 экипажы құрамында капитан Әділбек Ысқақов пен аға лейтенант Елдос Құрманғазин, резервте ұшқыш Руслан Мақадиев. Ми-8-де екі негізгі ұшқыш өнер көрсетеді. Олар Алексей Кейль және Ақжан Айтбаев. Ал резерв ретінде Азамат Темірқалиев пен Владимир Заволокин. Біздің ұшу құрамы додаға қарқынды дайындалды. Олар үшін бұл бастапқы тәжірибе.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер