- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда ферроқорытпа зауыты 160 мың тоннаға дейін алюминий шығаратын болады
Қызылорда ферроқорытпа зауыты 160 мың тоннаға дейін алюминий шығаратын болады
Осыған орай, жергілікті ғалымдар мен республикалық ұлттық орталықтан мамандар шақырылып қоғамдық тыңдау өткізілді. Мәжілісте мамандар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің басты көрсеткіштеріне арнайы тоқталып өтті.
Жобаға атсалысып жатқан «ҚР минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығы» директорының орынбасары Мыңжасар Айсауытов, «Қызылорда зауыты өнім берген кезде өте сапалы болат қорытпасын береді. Өйткені құрамында 0,2 пайыз ғана құрайтын алюминий, болат темірдің жоғары сапасына айналады. Қазіргі кезде мұндай жоғары сапалы болатты еліміз Франциядан алып жатыр», - дейді.
Ғалымдардың айтуынша, дала қосында қалған күріш сабағы да көп кәдеге жарайды екен. Яғни, өңделген сабаннан кремний көмірқышқылы мен алюминийдің аз мөлшері шығады. Ал егер өндіріске салса таза ферросилицийге қол жеткізуге болады.
Қоғамдық тыңдау қорытындысымен «Ферроқорытпа зауыты» жобасы бойынша қоршаған ортаға әсер етуінің алдын ала бағалауының нәтижесі бойынша хаттамаға қол қойылды.
Зауыт салынып, іске қосылған жағдайда мұнда 700-ге жуық адам жұмыс жасайтын болады. Бүгінде «Ферроқорытпа зауыты» жоба¬сының техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жыл соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құрылыс жұмыстары басталмақшы. Кәсіпорын құрылысы үшін бұрынғы ЦКЗ орнынан және Қызылорда ТЭЦ-не қарасты аймақтан 50 га жер учаскесі берілді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды