• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысының шаруашылық өкілдеріне техникалық жабдықтау арқылы шығындарды азайту ұсынылды

Қостанай облысының шаруашылық өкілдеріне техникалық жабдықтау арқылы шығындарды азайту ұсынылды

24 Шілде, 2015 11:34
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен нан қабылдау ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары Сембай Сағындықовтың айтуынша,  өткен жылдың жиын-терін жұмыстарының қорытындысы талданып, дестелегіштер мен дән құрғатқыш құрылғыларға деген қажеттілік деңгейі анықталды. Облыс бойынша 480 дестелегіш құрал қажет. Жылдың бірінші жартысында 69 осындай құрал сатылып алынды.   

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының материалдық-техникалық жағынан жабдықтау бойынша табандылық көрсету қажеттігі айтылды. Соңғы жылдардағы жиын-терін науқандарының қорытындылары өзінің жеке дән құрғатқыш құралдары бар шаруашылықтардың үлкен басымдықққа ие болатындығын көрсетіп отыр. Бұған қоса қазір аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен элеваторлар арасындағы байланыстарды да реттеу керек. Өйткені кей аудандарда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін қолайсыз элекваторлар орнатылуда. Өз кезегінде ол тек қаржылық шығындар келтіруде.  

 

Барлық жаңалықтар