Семейде жылыту маусымына қарсы қатты жанармайға қазандық орнатылады

24 Шілде, 2015 10:23
Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов аймақ басшысын Семей қаласының 2015-2016 жылдарға жылыту маусымына дайындығы және «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы «Жылукоммунэнерго» МҚМ –нің электр энергиясы бойынша қарыздарын өтеуі бойынша хабардар етті.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, жиналыстан кейін Даниал Кенжетайұлы орталық алаңдағы түрлі түсті және әуенді фонтан құрылысымен, Ертіс жағалауының жөндеу жұмыстарымен танысты.

Ұзындығы 16 метр болатын фонтанның құрылысы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.

Ертіс жағалауын қалпына келтіру жұмыстары толық қарқынмен жүргізіліп жатыр.

Одан кейін облыс әкімі балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде болып, спортта дарынды балалар арналған пансионат құрылысының жобасымен танысты. Ғимараттың жалпы аумағы 4279,34м² құрап, 200 жатын орын, демалыс, асхана бөлмелері болмақ. Аймақ басшысы жоба сызбасын бекітіп, нысанның құрылысына қажет қаржыны бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар аймақ басшысы екі медициналық мекемеде болды – жедел жәрдем ауруханасы мен радиологиялық орталықта.

Жедел жәрдем ауруханасында Даниал Ахметов қатты отын арқылы жанатын қазандық орнату бойынша жиын өткізді. Бір ай ішінде 2 қазандық құрылысының жобасын дайындауды тапсырды. Кейін оны орнату үшін қажет қаражатты бөлетіндігін атап өтті.  

Радиологиялық орталықта радионуклидтік диагностика және терапия бөлімінде қажет жабдықтарды орнату бойынша кеңес өткізді.

Семей қаласының жылыту маусымына дайындығымен ары қарай танысу мақсатында облыс әкімі «РК-1» қазандығында болды.  Мында аймақ басшысы қызқа қарай барлық жөндеу жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды.

Іссапар соңында облыс әкімі «Қалажолқұрылысы» ЖШС мен «Семей машина жасау» АҚ тынысымен танысты.

 

Барлық жаңалықтар