Қазақстан мен Египет екі елдің сот жүйесіндегі тәжірибелерімен алмасты

24 Шілде, 2015 10:07
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагиммен кездесу өткізді, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Египет арасындағы қарым-қатынастың қарқынды әрі көп қырлы бағытта дамып отырғандығын атап өтті. Елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық дамып отырғандығына түрлі деңгейдегі сапарлар мен өзара іс-қимылдың кең көлемі бойынша қабылданған шарттардың ауқымды көлемі дәлел бола алады.  

Тараптар кездесудің негізгі мәселесі – Египет Араб Республикасы Жоғарғы Конституциялық Сотының Төрағасы Адли Мансурдың Қазақстанға жасалатын алдағы сапарын талқылады. Аталған сапар ағымдағы жылғы тамыз айында өтетін Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысу мақсатында іске асады деп жоспарлануда. 

Қ.Мәми Елшіні Египетте 23 шілде күні аталып өтілетін ұлттық мереке – Революция күнімен құттықтады. Төраға Египеттің барлық азаматтарына жетістіктер тіледі. 

Іс-шара соңында тараптар бұл кездесудің екі елдің сот жүйесіндегі тәжірибемен, ақпаратпен және жетістіктермен өзара алмасуға тиімді жағдай жасау тұрғысындағы маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар