- Басты
- Жаңалықтар
- Төленген ҚҚС дайындаушы ұйымдарға субсидия ретінде қайтарылатын болады – АШМ (ФОТО)
Төленген ҚҚС дайындаушы ұйымдарға субсидия ретінде қайтарылатын болады – АШМ (ФОТО)
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 28-қарашасында ел Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Онда нақты шарт бойынша субсидиялау жөніндегі жаңа мемлекеттік қолдау шарасы енгізілді.
Қазіргі таңда ҚҚС-ы толық айналымнан алынады, өз кезегінде ол өнімнің қымбаттауына әкеліп соғады. Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаушы ұйымдардың АӨК қосымша құн салығы бойынша субсидиялау тәртібі дайындап ол бекітілді.
Аталған талаптар бойынша, дайындаушы ұйымдар бұрынғысынша қосымша құн салығын жалпыға бірдей тәртіп бойынша төлеп отырады, алайда дайындаушы ұйымдар тарапынан бюджетке төленген салық субсидия ретінде қайта қайтарылады. Бұл ретте қосарланған жылдық кірістің 90 пайызы ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалаудан түскен болуы керек. ҚҚС бойынша субсидиялауға қол жеткізу үшін дайындаушы ұйымдар жергілікті атқарушы органдарда аккредитациядан өткен болуы тиіс. Сонымен қатар, олар арнайы тіркеуге тұрулары үшін облыстың немесе қаланың ауыл шаруашылығы басқармасына өтінішпен қайырылулары керек.
Вице-министрдің сөзінше, біздің елде ауыл шаруашылығы саласы бойынша басым бағыттардың бірі қайта өңдеуші кәсіпорындардың қуаттарын арттыру және осы сала өкілдерінің дайын өнім шығаратын кәсіпорынға айналуы болып табылады.
Айта кететін мәселе, аталған құжат оған қатысушылардлың талап-тілектері бойынша өзгерістер енгізілетін болады. Мысалы ауыл шаруашылығы басқармасына субсидия алу үшін арнайы өтінішпен тоқсан қорытындысы бойынша жылына 4 рет қайырылуға болады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»