eGov пайдаланушыларының саны 4 миллионға жетті

24 Шілде, 2015 09:04
Қазақстанның электрондық үкіметі порталында 4 миллионыншы пайдаланушы тіркелді. eGov-тың мерейтойлық пайдаланушысы Ақтөбе қ. тұрғыны Анна Вендер болып шықты, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

eGov танымалдылығы күннен күнге артып келеді. Бұдан 7 ай ғана бұрын портал пайдаланушыларының саны 3 миллион белгісінде болды. Ал өткен жылдың сәуір айында бұл сан 2 миллионды құрады.

Пайдаланушылар санының артуы кездейсоқ емес – жыл сайын  порталда қызметтердің саны артып келеді. Мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу арналары кеңейіп жатыр. eGov қызметтерін ХҚКО-да, қарапайым компьютер арқылы, қоғамдық қол жеткізу пунктілерінен, eGov мобильдік қосымшасы және SMS-арнасы арқылы пайдалануға болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі.

Өткен жылдан бастап электрондық үкімет порталы пайдаланушыларды жеке басты куәландыратын құжаттардың, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы, автокөлікті техникалық байқаудан өткізу керектігі, айыппұлды өтеу қажеттілігі және басқалары туралы хабарландырады.

 

Барлық жаңалықтар