• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әлемнің сегіз дүркін чемпионы ТМД-ның І әскери-спорттық ойындарында Қазақстанның атын шығаралы (Фото)

Әлемнің сегіз дүркін чемпионы ТМД-ның І әскери-спорттық ойындарында Қазақстанның атын шығаралы (Фото)

23 Шілде, 2015 20:28
Бүгінгі күні ТМД елдері достастық армиясының І әскери-спорттық ойындарына қатысуға Қазақстанның құрамасы түбегейлі құрылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Еліміз үшін ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының 70 дәрежелі спортшысы ойнайтын болады. Олардың ішінде әлемнің сегіз дүркін чемпионы, гір көтеру екісайысынан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері кіші сержант Виталий Диденко. Оған еліміздің Қарулы Күштері үлкен үміт артып отыр. Сонымен қатар, еліміздің құрамасында әлемдік аренада Қазақстанның атын бірнеше мәрте мәшһүр еткен тәжірибелі спортшылар бар.

Ол бірнеше дүркін чемпион және офицерлік үшсайыстан ҚР Қарулы Күштерінің рекордшысы, спорт майталманы подполковник Марат Чернега және халықаралық турнирлердің жүлдегері, табельдік қарудан атудан ҚР спорт шебері полковник Бауыржан Тулинов.   Жарыста әскерилеріміз спорттың барлық 10 түрі бойынша қатысады.  Армиялық қоян-қолтық ұрыста, штаттық қарудан оқ атуда, командирлік бастамаларда, әскери-спорттық көпсайыста, халықаралық әскери бессайыста, жазғы офицерлік үшсайыста, дзюдода, гір көтеру спортында, жүзу мен спорттық бағдарлауда медальдар ұтысқа тігіледі.

Медаль үшін Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь және Армения Қарулы Күштері құрама командаларының мықты атлеттерімен күресуге тура келеді. Алайда, спортшыларымыз сайыстан барынша көп «алтын» медаль  алуды жоспарлап отыр. ТМД елдерінің І әскери-спорттық ойындары 25 шілдеде Мәскеудегі АОСК ресей армиялық спорт клубының базасында бастау алады және 31 шілдеде «Тағзым ету» мемориалында салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталатынын атап өтейік. 


 

Барлық жаңалықтар